Арымбекова Гузалия Рафаиловна

Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бөлімінің бастығы.

Еңбек жолын 2007 жылдан бастап Семей қаласының лингвистика және компьютерлік технологиялар мектеп-гимназиясында математика мұғалімі болып бастаған. 2009-2010 оқу жылы Семей қаласының Тұңғыш Президентінің Зияткерлік мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 2010-2011 жж. Назарбаев университетінде біліктілікті арттыру бойынша оқудан өтті. 2011-2012 оқу жылы Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 

«Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалында 2012 жылдың 1 наурызынан бастап жұмыс істейді. «Математика» пәнінің негізгі және жоғары мектептері (кіріктірілген білім беру бағдарламасы)  бойынша оқу бағдарламасына авторлық құқық иегерлерінің құрамына кіреді. Назарбаев Зияткерлік мектептері, NIS-Programme үшін 7, 11 сыныпты «Математика» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуді әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асырды. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдеріне арналған «Комплекс сандар», «Статистика және ықтималдықтар теориясы» тақырыптары бойынша әдістемелік құралдар әзірлеу бойынша авторлардың құрамына кіреді. 

Білімі:

2003-2007 жж. Семей Мемлекеттік Педагогикалық Институты 

Математика мұғалімі (үздік диплом) 

2007-2009  жж. Семей Мемлекеттік Педагогикалық Институты 

Педагогика ғылымдарының магистрі 

 

Курстарынан өтті:

«Using ICT in studying and teaching» (Temasek Polytechnic, Сингапур, 2009 ж.),

«Оқыту мен оқытудағы заманауи тәсілдер» (Мәскеу, 2022 ж.),

«Математикалық және оқу сауаттылығын, оқушылардың сыни ойлауын дамыту»,

« Learning how to learn: powerful mental tools to help» курстарынан өтті. 

Жалпы білім беретін және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің математика мұғалімдері үшін оқыту семинарларын өткізеді.