Ержанова Ардақ Алимқызы

Сандық білім беру контентін әзірлеу бөлімінің бастығы

Өмірбаяны

Еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласының статистика департаментінің респонденттерімен жұмыс жасау бөлімінің маманы болып бастаған.

 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымының жүйесінде – 2012 жылғы 1 ақпаннан бастап;

 2012-2013 жылдары – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ адам ресурстарын басқару департаментінің менеджері.

 2013-2016 жылдары – «Білім беру ресурстары орталығы» ЖМ Аударма-редакциялық бөлімінің аға менеджері.

 2016-2020 жылдары – «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының дизайн және баспаға дейінгі дайындық бөлімінің бастығы.

 2021 жылдан бастап – «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының Сандық білім беру ресурстары контентін әзірлеу бөлімінің бастығы.

 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның 10 жылдығына арналған төсбелгімен, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның мақтау қағаздары  мен алғыс хаттарымен марапатталған.

 

Қатысқан жобалар:

▪        Бастауыш мектеп пәндерінен оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу жобалары (Кембридж университеті баспасы, БББО, 2014-2018 ж.).

 

Кәсіби даму жолы

 2013, 2015 жылдары – CUP бастауыш сыныптарына арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешенді әзірлеу семинарлары. Кембридж (Ұлыбритания).

 2013, 2016 жылдары – CUP бастауыш сыныптарына арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешенді редакциялау семинарлары. Кембридж (Ұлыбритания).

 Қараша 2014 ж. «ТРИЗ-педагогика негіздері және «Батыл ойлан!» курсын оқыту» семинары  (1-4 сынып). Мәскеу

 Кембридж университеті баспасымен бірлескен жоба аясында бастауыш мектептің 1-2 сыныптарына арналған оқу-әдістемелік кешендер редакторының сертификаты. (ББРО ЖМ НЗМ ДББҰ)

 «Эмоционалды зият» тренингі. Перекресток Event Management. Қазан 2016 ж.

В. Шиманская.

 Оқу-әдістемелік кешендерін редакциялау және басып шығару процесін басқару курсы. Кембридж (Ұлыбритания) 2016 ж.

 БББО қызметкерлерінің әлеуетін арттыру семинары

Кембридж (Ұлыбритания) 2018 ж.

 

Бөлім туралы ақпарат

Сандық білім беру ресурстары контентін әзірлеу бөлімі ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының құрамында 2018 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істейді.

Бөлімнің негізгі қызметі сандық білім беру ресурстарының (СБР) контентін әзірлеу, қазақстандық және шетелдік тәжірибені зерделеу және педагогикалық инновациялар банкін (әдістемелер, технологиялар, әдебиеттер) қалыптастыру және оларды СБР әзірлеу үдерісінде пайдалануға бейімдеу болып табылады. Сондай-ақ, бөлім қызметіне «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ сандық білім беру платформаларына арналған контентті әзірлеу кіреді.

Білімі

2005 – бакалавр дәрежесі, «Екі шет тілі: ағылшын және француз тілдері», Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.

 2008 – бакалавр дәрежесі, «Қаржы», Нархоз университеті.

 2012 – магистр дәрежесі, «Білім беру саласындағы басқару», Бристоль университеті, Ұлыбритания. University of Bristol

Educational leadership, policy and development.