Асылбекова Гулистан Байқазаққызы
Талдау, зерттеу және жобаларды басқару бөлімінің басшысы.
Асылбекова Гулистан Байқазаққызы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалында 2016 жылдың қараша айынан бастап жұмыс істейді.
Еңбек жолын 2004 жылы Regent Hotel Almaty қонақ үйінің Front Office manager болып бастады.
2010-2011 жылдары Қазақстан Республикасындағы Словакия мемлекетінің елшілігінде жұмыс істеді.
2011-2012 жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Төрағасының көмекшісі ретінде жұмыс істеді.
2013-2015 жылдары «Білім беру русурстық ортылығының» аударма-редакциялық бөлімінің менеджері.
2016-2022 жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының талдау, зерттеу және жобаларды басқару бөлімінің аға менеджері.
Білімі:
2005 – Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар мен әлем тілдері Университеті, халықаралық коммуникациялар мен менеджмент факультеті.
2008- Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, мамандығы «Банк ісі».
2009- Dokuz Eylul Университеті (Измир, Турция), «Халықаралық туризм менеджменті» магистрі.
Талдау, зерттеу және жобаларды басқару бөлімі «Білім беру бағдарламалары орталығының» құрамында 2014 жылы құрылды.
Бөлімнің негізгі міндеттері: жобаларды жүзеге асыру, жобаның тұжырымдамасын әзірлеу, іргелі ғылыми зерттеулерді дамыту, мониторингтік зерттеулердің әдістері мен процедураларын жетілдіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ жобалар аясындағы деректерді талдау және ғылыми-теоретикалық жалпылау.