Жанғозы Мәдіханұлы Әбдірасылов

Дизайн және баспаалды даярлық бөлімінің бастығы

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласындағы «Мектеп баспасы» ЖШС-тің көркемдік бөлімінің дизайнері болып бастаған.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы жүйесінде 2016 жылғы 4 шілдеден бастап жұмыс істейді.

2016-2018 жылдары – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының дизайн және баспаалды даярлық бөлімінің аға менеджері.

2018-2020 жылдары – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының дизайн және баспаалды даярлық бөлімі бастығының міндетін атқарушысы.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның 10-жылдығына орай төсбелгімен, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ атынан алғыс грамоталарымен және хаттарымен марапатталған.

 

Жобаларға қатысу:

▪ Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріне арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу жөніндегі жоба.

▪ NIS-Programme «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның білім беру бағдарламасына сәйкес зияткерлік мектептерге арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу жөніндегі жоба.

 

Кәсіби дамуы

2016 ж. – дизайн менеджменті жөніндегі семинар, Кембридж (Ұлыбритания) 2016 ж.

2017 ж. – кітап дизайны және типографика жөніндегі семинар.

2018 – дизайнерлер мен суретші-иллюстраторларға арналған семинар, Кембридж университетінің баспасы.

2019 ж. – Laba платформасындағы «Креативті директор» онлайн курсы. «Басқару дағдылары», сондай-ақ «Басқарудағы ықпал. Тиімді көшбасшылық», Moscow Business School.

2018, 2020 жылдары – LABA платформасындағы «Жобаларды жоспарлау» онлайн курсы.

2021 ж. – «Диктатор, көшбасшы, менеджер. Басқарудың үш стилі» халықаралық онлайн-форумына қатысты.

Білімі:

2015 – бакалавр дәрежесі, «Құқықтану», Алматы университеті

Бөлім туралы ақпарат

Дизайн және баспаалды даярлық бөлімі 2016 жылдың шілде айында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының құрамында құрылды.

Бөлімнің негізгі қызметі – оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің макеттерін жобалау, беттеу, иллюстрациялар жасау және басып шығаруға дайындау. Сонымен қатар, бөлім қызметіне халықаралық конференция, тамыз конференциясы және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның басқа да іс-шараларының дизайн тұжырымдамасын әзірлеу кіреді.