Әбділдина Жанар Нұрбапашқызы
Білім беру бағдарламалары орталығының директоры.
Екібастұз қаласындағы №4 мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі, Шаңтөбе ауылында В. Комаров атындағы орта мектептің физика және химия пәні мұғалімі, мектеп директоры, Степногорск қаласы Білім беру бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2009-2012 жылдар аралығында Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры қызметін атқарды.
2012 жылдың ақпанынан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының директоры қызметін атқарып келеді.
2003 жылы Степногорск қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды.
2003-2006 жылдары «Сорос» халықаралық қорының екі грантының иегері.
2011 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларға қатысу мақсатында Астана қаласындағы Ақмола облысының ресми делегациясының құрамына енді.
Кәсіби дамуы
Республикалық және халықаралық деңгейдегі семинарларға, тренингтерге қатысқан: «Мектепті басқару және басшылық ету» (Пенсильвания Университеті, АҚШ), «Мектепте жаратылыстану ғылымдары бойынша білім беруге қойылатын заманауи талаптар», «Кіріктірілген сабақ әдістемесі», «Химия пәнін оқытуда Халықаралық Бакалавриаттың тәсілдемелері мен тәжірибелерін зерделеу», «Құзыреттілік педагогикасына кіріспе», «Жаратылыстану ғылымдарын оқыту аясында балалардың шығармашылығын дамыту», «Шет тілдерін оқытудағы жаңа тәсілдемелер», «Тренингтер өткізу дағдыларын дамыту», «Сапалы менеджмент», Кембридж Университетінің Халықаралық Емтихан Кеңесі сарапшыларының қатысуымен өткен «Қазақстанның инновациялық мектептерінде мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттырудағы өзекті мәселелер», Nazarbaev Intellectual Schools Management Group Development Program атты семинарларға қатысты. Еуропалық Тренерлер Мектебінің сертификатына ие.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның дәстүрлі халықаралық конференцияларының белсенді қатысушысы және баяндамашысы:
2013 жыл – «Білім берудегі жоғары сапа және көшбасшылық» атты V Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция. Баяндама тақырыбы: «Назарбаев Зияткерлік мектептеріне орта білім берудің инновациялық моделі ретінде кіріктірілген білім беру бағдарламаларын енгізу»;
2014 жыл – «Білім беру саясаты: тәжірибе және зерттеу» атты VI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. Баяндама тақырыбы: «Кіріктірілген білім беру бағдарламасын халықаралық деңгейде танылған білім беру бағдарламаларымен салыстыру»;
2016 жыл – «Білім беру саласындағы өзгерістер аясын кеңейту: апробация және тарату» атты VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. Баяндама тақырыбы: «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу: дәстүрді сақтай отырып, инновацияларды енгізу»;
2018 жыл – «Жаңа дәуірдің мектебі» атты X Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. Баяндама тақырыбы: «Орта білімнің жаңартылған стандарттарын ЭЫДҰ идеялары тұрғысынан қарастыру».
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының «Болашақ білім және дағдылар: білім беру – 2030» атты жобасының жұмыс тобы мүшесі. OECD Position Paper «The Future of Education and Skills: Education 2030. The Future We Want» (2018) еңбегінің авторлық құрамының мүшесі.
«Назарбаев Зияткерлік мектептерінде мектептік білім мазмұнындағы инновациялар» мақаласының авторы, Білім. Ғылыми-педагогикалық журнал. №1 (64), Астана, 2013 жыл; «Назарбаев Зияткерлік мектептерінде үш тілде білім беруді жүзеге асыру» (авторлардың бірі), Қазақстан мемлекеттік және этнос тілдері: қазіргі жағдайы мен даму бағдары атты республикалық дөңгелек үстел материалдары, Астана, 2015 жыл.
Білімі:
1987 – С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, «химия пәнінің мұғалімі» мамандығы
2018 – Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті, педагогикалық білім магистрі
Білімі:
«Ы. Алтынсарин», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілері, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі, «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» 10 жылдық мерейтой медалі, Степногорск қаласындағы «Ауғандық» қозғалысқа сіңірген еңбегі үшін «Долг и честь» төсбелгісі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы, Көкшетау қаласы әкімінің Құрмет грамотасы, Ақмола облысы Білім басқармасының Алғыс хаты, Ақмола облысының білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының Алғыс хаты.