Жаңа оқу жылына қауымдастық құру және әлеуметтік-эмоционалдық білім беру құралдары
Көптен күткен жаңа оқу жылы да басталды. Оқушыларымыз үшін мектепке жиналып, жаңалықтарымен, жаңа әсерлерімен емін-еркін бөлісудің, қызықты сәттерін талқылаудың кезі келді. Ал мұғалімдеріміз үшін оқушыларын жаңа идеяларымен және оқу құралдарымен таныстырудың сәті түсті.
Осы мақсатта Gettingsmart платформасы (www.gettingsmart.com) оқушылармен қарым-қатынас орнатуға және әлеуметтік-эмоционалдық білім беруге (SEL) бағытталған құралдармен қысқаша таныстыратын мұғалімдерге арналған материалдар әзірледі. Оқу жылының басында педагогтер оқушылармен танысып, қарым-қатынас орнатуға, олардың жан-жақты таланттарын ашуға, сондай-ақ оларға және олардың отбасыларына мектеп, мұғалімдер мен оқушылар туралы тереңірек білуіне мүмкіндік беруге назар аударғаны абзал.
Gettingsmart ұсынып отырған бұл құралдардың айрықша ерекшелігі – оларды сыныптастарымен танысу, білім алмасу, жаңа идеяларды зерттеу және SEL дағдыларын дамыту үшін оқу жылының басында қолдануға болады. Бұл құралдарды қолдану цифрлық баяндау, цифрлық портфолио, PBL немесе «Данышпанмен бір сағат» арқылы тәуелсіз оқыту және т.б. шаралар сияқты жыл бойы бағалауға өте ыңғайлы және олар оқушылардың үні мен таңдауын дамытуға ықпал етеді. Олар сонымен қатар оқушылардың мектеп өмірінің түрлі салаларына белсенді араласуына жақсы мүмкіндік болып табылады, себебі оқушылар сабаққа тұтынушы ретінде емес, жасампаз ретінде қатысады.
Бұл құралдар туралы келесі сілтемелерден толығырақ біле аласыз:
Ағылшын тілінде: https://www.gettingsmart.com/2021/08/building-community-and-social-emotional-learning-in-the-new-school-year/