Кәсіби бағдарлы элективті курстар

 

Білім беру бағдарламалары орталығы кәсіби бағдарлы элективті курстарды әзірледі.

Жоғары мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беруге қатысты  кешенді жұмыс  жүргізуде пән мұғалімдері оқу үдерісіне кәсіптік бағыттағы материалдарды енгізу керек. Оқушылар бір салаға жататын әртүрлі кәсіп түрлеріне қызығушылық танытуы мүмкін, сондықтан бұл мәселені шешу оқушылардың жеке білім беру траекторияларын дұрыс құруды талап етеді.

«Статистикалық деректерді жинау және өңдеудің математикалық әдістері», «Мобильдік қосымшаларды әзірлеуші», «Тәжірибелік электротехника», «Химиялық талдау зертханашысы», «Нутрициология», «Туроперейтинг», «Копирайтинг», «Графикалық дизайн негіздері», «Қоюшы-режиссер», «Инвестиция негіздері» атты кәсіби бағдарлы элективті курстар жоғары мектеп оқушыларына арналған бейінді оқытуды қамтитын элективті курстар болып табылады. Олар оқу жоспарының мектеп бағдарламасындағы  компоненттері есебінен жүзеге асырылады. Элективті курстарды оқытуда  бір топтағы оқушылар саны 12 адамнан аспау керек.

Элективті курстар қызметтері мен міндеттерінің ауқымы олардың бейінді оқыту жүйесіндегі рөліне қарай анықталады.

Кәсіби бағдарлы элективті курстардың қызметтері:

– жаңа мамандықтарды зерделеу, қазіргі заманның негізгі проблемаларынан туындайтын қажетті кәсіби дағдыларды сипаттау;

– негізгі және бейінді пәндік білімді кеңейту және тереңдету;

– практикалық білім беру;

– кәсіби дағдыларды дамыту;

– саланың дамуымен және жаңа үрдістерімен танысу.

Кәсіби бағдарлы элективті курстардың міндеттері:

– оқу материалының қосымша бөлімдерімен таныстыру, оқытылатын пәндерге қатысты мамандандырылған білімді кеңейту және тереңдету;

– кәсіби бейімделуге ықпал ету;

– болашақ мансап жолына дайындау;

– оқушылардың ақпараттық және коммуникативтік құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ  олардың танымдық және шығармашылық жұмыспен айналысуға ынтасын арттыру.

Осылайша,  элективті курстар белгілі бір бейінді бағыттағы мазмұнды және әрекетті қамтып,  оған тән мәселелер мен жағдаяттарды  модельдеу керек.

Поделиться!

Поделись этим постом с друзьями!