2021 жылғы білім беру туралы қысқаша ақпарат

2021 жылдың қыркүйегінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) ресми сайтында «2021 жылғы білім беру туралы қысқаша ақпарат» баяндамасы жарияланды (Education at a Glance 2021: OECD Indicators).

Баяндамада әлем бойынша білім беру жүйесінің жағдайы туралы жинақталған ақпарат берілген. Сонымен қатар баяндамада оқушылардың, мұғалімдердің, ата-аналардың және саясаткерлердің мүдделері бойынша интерактивті графика түрінде соңғы мәліметтер ұсынылады. ЭЫДҰ елдері, сондай-ақ бірқатар серіктес мемлекеттердің білім беру жүйесінің құрылымы, қаржыландырылуы мен өнімділігі туралы индикаторлар беріледі.

Қазіргі кезде әлем бойынша адамдардың әлеуметтік, экономикалық келешегін жақсартуға, орта білім берудің тиімділігін арттыруға бағытталған саясатты әзірлеу үшін,

халықаралық салыстырулардан алынған мүмкіндіктер мен нәтижелерді пайдалану тенденциясы байқалады. ЭЫДҰ Білім және дағдылар директораты жыл сайын «Білім беру туралы қысқаша ақпарат» баяндамасын жариялайды, есеп ішінде халықаралық салыстырмалы сандық көрсеткіштер талданады. ЭЫДҰ-ның ел саясатын шолуымен бірге бұл көрсеткіштерді білім берудің тиімді және әділетті жүйесін құру үшін, үкіметтер көмек ретінде пайдалануға болады.

«Білім беру туралы қысқаша ақпарат» барлық мүдделі тараптарға пайдалы: үкіметтер басқа елдер жүргізген саясаттан сабақ алуға ұмтылады, ғалымдар терең талдау жүмыстарына қажет деректерді алады және қоғам өз елі мен басқа елдердің оқушыларының оқу жетістіктерін салыстыруға мүмкіндік алады. Деректер ЭЫДҰ – PISA, PIAAC және TALIS халықаралық салыстырмалы зерттеулерінің негізінде ұсынылған.

Баяндаманың ағылшын тіліндегі толық нұсқасымен ЭЫДҰ ресми сайтынан немесе төмендегі сілтеме арқылы танысуға болады. ilibrary.org/docserver/b35a14e5-en.pdf?expires=1633408652&id=id&accname=guest&checksum=736B5931ADAABCD3AAE966BC213BB601

Поделиться!

Поделись этим постом с друзьями!