Қазақстандағы көптілді білім берудегі CLIL сабақтарының тәжірибесі: нұсқаулар мен мысалдар.

«Қазақстандағы көптілді білім берудегі CLIL сабақтарының тәжірибесі: нұсқаулар мен мысалдар» кітабы Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің қауымдастырылған профессоры Шабиер Сан Исидроның, Сұлушаш Керімқұлованың және қолданбалы лингвистика саласында танымал болған ғалымдардың бірі Эдинбург университетінің профессоры До Койлдың редакциясымен шығарылды. Кітапты жазуға Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің студенттері де қатысты.

Бұл басылым пән мен тілді кіріктіріп оқытуға (CLIL), 4C моделіне, Мейердің CLIL пирамидасына және Блум таксономиясын қолдана отырып сабақтарды жоспарлаудағы 20 негізгі қадамға негізделген практикалық ресурс болып табылады. Сондай-ақ бұл құралда жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сабақтардың мысалдары келтірілген.

Материалдар кітапта үш тілде (ағылшын, қазақ және орыс) берілген.

Кітапты келесі сілтеме бойынша еркін түрде жүктеп алуға болады: https://gse.nu.edu.kz/wp-content/uploads/2021/02/BOOK_CLIL.pdf

Поделиться!

Поделись этим постом с друзьями!