Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер

 

Біздің ұйымның жұмыс бағыттарының бірі оқулықтар мен ОӘК әзірлеу болып табылады.

2013 жылдан бастап оқулықтар мен ОӘК әзірлеу бойынша жоба іске асырылуда, оның ішінде:

1) Зияткерлік мектептердің оқу үдерісіне ендіру үшін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ білім беру бағдарламасы – NIS-Programme (бұдан әрі – NIS-Programme) бойынша оқулықтар мен ОӘК әзірлеу;

2) NIS-Programme бойынша әзірленген оқулықтар мен ОӘК-ні бейімдеу және Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес (бұдан әрі – МЖБС) еліміздің жалпы білім беру мектептерінде қолдануға арналған оқулықтар мен ОӘК әзірлеу.

Оқулық пен ОӘК әзірлеу Кембридж Университеті баспасы (Cambridge University Press) мен Лондон Университет Колледжінің Білім беру институты (Institute of Education, University College of London) сияқты шетелдік танымал білім беру ұйымдарымен тығыз әріптестікте жүзеге асырылды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ әзірленген оқулықтар мен ОӘК

· оқушылардың жасына, мүдделеріне және қажеттіліктеріне сәйкес келеді;

· жүйелік қызмет, құндылықтар мен тұлғаның дамуына бағытталған, саралы тәсілдер қағидаттарын жүзеге асырады;

· білім мен дағдылар көлемінің біртіндеп тереңдетілуі, күрделендіруі және арттыруы қарастырылған;

· бағалаудың жаңа тәсілдерін қамтиды;

· функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған;

· зерттеу дағдыларын, сыни ойлауды, ақпаратты тауып алу және талдау мүмкіндігін және алынған білімді шығармашылық түрде қолдануды дамытады;

· өз бетімен жеке оқу дағдыларын қалыптастырады;

· ұлттық компонентті қамтиды;

· пәнаралық кіріктірілуді оқу материалдарын шиыршықты құру қағидаты және пәнаралық тақырыптар арқылы пәнаралық байланысты қамтамасыз етеді.

NIS-Programme-ға сәйкес оқулықтар мен ОӘК әзірлеу

Зияткерлік мектептерге арналған оқулықтар мен ОӘК әзірлеу бойынша іс-шаралар:

· 1-сынып: 5 пән бойынша 10 оқулық пен ОӘК (30 атау), оларды әзірлеу 2013 жылдың ақпаны мен 2015 жылдың қыркүйегі аралығында жүргізілді; 2015 жылдан бастап Көкшетау және Талдықорған қалаларындағы Зияткерлік мектептердің және Нұр-Сұлтан қаласы Халықаралық мектебінің оқу үдерісіне ендірілген болатын;

· 2-сынып: 5 пән бойынша 10 оқулық пен ОӘК (28 атау), оларды әзірлеу 2014 жылдың наурызы мен 2015 жылдың қыркүйегі аралығында жүргізілді; 2016 жылдан бастап оқу үдерісіне ендірілген болатын;

· 7-сынып: 9 пән бойынша 23 оқулық пен ОӘК (46 атау), оларды әзірлеу 2014 жылдың маусымы мен 2018 жылдың шілдесі аралығында жүргізілді; 2018-2019 оқу жылында Зияткерлік мектептердің оқу үдерісіне ендірілген болатын;

· 8-сынып: 9 пән бойынша 12 оқулық пен ОӘК (28 атау), оларды әзірлеу 2016 жылдың сәуірі мен 2019 жылдың шілдесі аралығында жүргізілді; 2019-2020 оқу жылында Зияткерлік мектептердің оқу үдерісіне ендірілген болатын;

· 9-сынып: 9 пән бойынша 12 оқулық пен ОӘК (28 атау), оларды әзірлеу 2018 жылдың наурызы мен 2020 жылдың шілдесі аралығында жүргізілді; 2020-2021 оқу жылында Зияткерлік мектептердің оқу үдерісіне ендірілген болатын;

· 10-сынып: 9 пән бойынша 12 оқулық пен ОӘК (28 атау), оларды әзірлеу 2019 жылдың мамырында басталды, 2021 жылдың тамызына дейін жалғасады;

· 11-сынып: 5 пән бойынша 6 оқулық пен ОӘК (12 атау), оларды әзірлеу 2019 жылдың наурызында басталды, 2020-2021 оқу жылында оқулықтар және ОӘК Зияткерлік мектептерде сынақтан өтуде;

· 12-сынып: 5 пән бойынша 6 оқулық пен ОӘК (12 атау), оларды әзірлеу 2020 жылдың қарашасында басталды, 2023 жылдың тамызына дейін жалғасады.

 

МЖБС-ке сәйкес оқулықтар мен ОӘК әзірлеу

Еліміздің жалпы білім беретін мектептеріне арналған оқулықтар мен ОӘК әзірлеу бойынша іс-шаралар:

· 1-сынып: 8 пән бойынша 12 оқулық пен ОӘК (78 атау), оларды әзірлеу 2015 жылдың сәуірі мен 2016 жылдың мамыры аралығында жүргізілді, «Математика», «Дүниетану», «Жаратылыстану» пәндері бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі 6 оқулық пен ОӘК базалық оқулықтар ретінде ҚР БжҒМ-мен ұсынылды;

· 2-сынып: 11 пән бойынша 16 оқулық пен ОӘК (84 атау), оларды әзірлеу 2015 жылдың қыркүйегі мен 2017 жылдың мамыры аралығында жүргізілді, «Жаратылыстану» пәні бойынша қазақ тіліндегі 1 оқулық пен ОӘК базалық оқулық ретінде ҚР БжҒМ-мен ұсынылды;

· 3-сынып: 12 пән бойынша 18 оқулық пен ОӘК (96 атау), оларды әзірлеу 2016 жылдың сәуірі мен 2018 жылдың мамыры аралығында жүргізілді, «Жаратылыстану» пәні бойынша қазақ тіліндегі 1 оқулық пен ОӘК базалық оқулық ретінде ҚР БжҒМ-мен ұсынылды, AR NIS толықтырылған шынайылық түріндегі виртуалды жалғасы бар;

· 4-сынып: 3 пән бойынша 6 оқулық пен ОӘК (36 атау), оларды әзірлеу 2017 жылдың сәуірі мен 2019 жылдың мамыры аралығында жүргізілді, «Жаратылыстану» пәні бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі 2 оқулық пен ОӘК базалық оқулықтар ретінде ҚР БжҒМ-мен ұсынылды, AR NIS толықтырылған шынайылық түріндегі виртуалды жалғасы бар;

· 5-сынып: 11 пән бойынша 16 оқулық пен ОӘК (45 атау), оларды әзірлеу 2016 жылдың мамыры мен 2017 жылдың желтоқсаны аралығында жүргізілді, «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі, «Орыс тілі (негізгі тіл ретінде)» пәні және «Жаратылыстану» пәні бойынша орыс тіліндегі 6 оқулық пен ОӘК баламалы оқулықтар ретінде ҚР БжҒМ-мен ұсынылды;

· 7-сынып: 17 пән бойынша 28 оқулық пен ОӘК (61 атау), оларды әзірлеу 2016 жылдың мамыры мен 2017 жылдың желтоқсаны аралығында жүргізілді, «Көркем еңбек (ұлдарға арналған)», «Көркем еңбек (қыздарға арналған)» пәндері бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі 4 оқулық пен ОӘК баламалы оқулықтар ретінде ҚР БжҒМ-мен ұсынылды.

 

Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді Қазақстанның бүкіл аумағына жеткізумен https://store.nis.edu.kz/ онлайн дүкені арқылы сатып алуға болады.