2021 жылдың 22 желтоқсанында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы көрнекті педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Жаңа болмыстағы білім» жобасының аясында дөңгелек үстелдер сериясын аяқтады
Білім беру бағдарламалары орталығы ұйымдастырған «Жаппай стандарттаудан жаппай бірегейлікке: еңбек нарығындағы жаңа талаптар» атты қорытынды дөңгелек үстелге 1000-нан астам қатысушы қосылды.
Дөңгелек үстел жұмысына отандық және халықаралық сарапшылар қатысып, қазіргі заманғы дербестендіру және жасанды зият дәуірінің жағдайларындағы білім берудің болашағы тақырыбының аясында пікірлерімен бөлісті. Спикерлер еңбек нарығының жаңа талаптарын, сондай-ақ қазіргі балаларда дамытуды қажет ететін негізгі құзыретіліктер мен дағдыларды талқылады.
Үстел қатысушыларына Білім беру бағдарламалары орталығы дайындаған Ыбырай Алтынсариннің еңбектері туралы «Ұлы ұстаз салған сара жол» фильмі ұсынылды, еңбектерінде ғалым мектеп оқушылардың жеке қажеттіліктеріне қалайша жауап беруі тиіс екенін жазады.