«Үш тілде білім беру саясатын» іске асыру

 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламалары орталығы филиалы тренері Гүлжан Рысбекқызы «Үш тілде білім беру саясатын» іске асыру аясында

2024 жылдың 18-22 қарашасында Алматы қаласындағы ФМБ және ХББ Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдеріне «Пән мен тілді кіріктіріп оқыту тәсілдемесін (CLIL) тиімді қолдану»  тақырыбында семинарлар өткізді.

Семинарларда CLIL тәсілдемесін тиімді қолданудың жолдары, ерекшеліктері және стратегиялары ұсынылды. Оқушылардың тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдыларын дамытуға бағытталған заманауи цифрлық технологиялар мен интерактивті тапсырмалар таныстырылды. Семинар қатысушылары CLIL тапсырмаларын құрастыруды үйреніп, сабақтарын бірлесіп жоспарлады. Мұғалімдерге әдістемелік ұсыныстар мен кері байланыс берілді.

Мұғалімдер өз пәндерін оқытуда белсенді тәжірибе  және озық практикамен алмасты. Семинарлар әсер алмасумен және нәтижелерді талқылаумен аяқталды. Мұғалімдер алған білімдерінің жоғары практикалық құндылығын атап өтіп, оқу іс-әрекетіне жаңа әдістерді енгізуге дайын екендіктерін білдірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Поделиться!

Поделись этим постом с друзьями!