Даулеткереева Нурлыгуль Жузбаевна
НЗМ ДББҰ филиалы «Білім беру бағдарламалары» орталығы, «Лингвистиалық бағыттағы пәндер» бөлімінің басшысы
2003-2005 жж. – М.Утемисов атындағы БҚМУ-дың «Практикалық қазақ тілі» кафедрасының оқытушысы
2005-2007 жж. – М.Утемисов атындағы БҚМУ-дың «Тілдерді дамыту» бөлімінің басшысы
2008-2011 жж. – М.Утемисов атындағы БҚМУ-дың «Тілдерді оқытудың практикалық курсы» кафедрасының оқытушысы
2012-2014 жж. – Орал қаласындағы ФМБ НЗМ-ның «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімі
2014-2016 жж.– НЗМ ДББҰ «Білім беру ресурстары» орталығы, «Контентті құрастыру» бөлімінің аға менеджері
2016-2023 жж. – НЗМ ДББҰ филиалы «Білім беру бағдарламалары» орталығы, «Лингвистиалық бағыттағы пәндер» бөлімінің аға менеджері
2023 ж. (тамыздан) – НЗМ ДББҰ филиалы «Білім беру бағдарламалары» орталығы, «Лингвистиалық бағыттағы пәндер» бөлімінің басшысы
Лингвистикалық бағыттағы пәндер бөлімі «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ әдебиеті», «Орыс тілі», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Орыс әдебиеті», «Орыс әдебиеті», «Ағылшын тілі», «Жаһандық перспективалар және жобалық жұмыс» пәндері бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеумен, енгізумен және зерттеп-бақылаумен айналысады. НЗМ мен Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің білім беру үдерісіне оқу бағдарламаларын енгізуде әдістемелік сүйемелдеу жұмыстарын жүргізеді.
Бөлім тұрақты негізде тіл пәндері мұғалімдеріне тілдерді оқытудың түрлі өзекті мәселелері бойынша оқыту тренингтерін өткізеді.
Білімі:
1999-2003 жж. – М.Утемисов атындағы БҚМУ, «Қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі» мамандығы
2005-2007 жж. – М.Утемисов атындағы БҚМУ магистратурасы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы
2007-2010 жж. – А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі
Кәсіби даму
2011-2012 ж. Назарбаев университеті, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру курсы (Курс модульдері: IELTS халықаралық емтиханын тапсыруға дайындық курсы; ТКТ курсы (Cambridge Teaching Knowledge Tests);Іс-тәжірибедегі зерттеу жұмысы (Action Research Teaching Project);әдістеме мен практиканы оқыту (кәсіби даму мен рефлексия).
2014 ж. – балалардың сыни ойлауын дамыту бойынша курс, Мәскеу
2014 ж. – авторларды дайындау бойынша тренинг-курс, Cambridge University Press
2014 ж. – кіріктірілген білім беру бағдарламасын дамыту бойынша курс, Кембридж университеті
2015 ж. – оқулықтардың контент дизайнын даярлау бойынша курс, Magic Software Inc.
2017 ж. ЖББМ 5,7 сыныптарға арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқулығының авторы
2019 ж. ЖББМ 4 сыныпқа арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқулығының авторы
2021 ж. НИШ мектептеріне арналған 11 сынып оқулығының авторы
2022 ж. Шетелдегі қазақ диаспораларына арналған А2 деңгейіне арналған «Қазақ тілі» оқулығының авторы
2023 ж. НИШ мектептеріне арналған 12 сынып оқулығының авторы