МЕДИА АҚПАРАТТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ

«Медиа сабақ» платформасы жоғары сынып мұғалімдеріне, «Адам және қоғам» пәнінің оқытушыларына арналған «Медиа ақпараттық сауаттылық» деп аталатын ресурстық кітапты тегін ұсынып отыр.

Мұғалімдер сабақты немесе сыныптан тыс іс-шараларды жоспарлау барысында аталмыш оқу құралындағы әдістемелік материалдарды пайдалана алады. Әдістемелік материалдарда «медиа» және «ақпараттық сауаттылық» ұғымдарының мағынасы, олардың оқушылар үшін өзектілігі, оқыту үдерісіне кірігуі, сондай-ақ ақпараттық құралдарды дұрыс пайдалануға тәрбиелеу жұмыстарының әдіс-тәсілдері сипатталады.

Оқу құралын төмендегі сілтеме бойынша жүктеп алуға болады: https://www.mediasabak.org/media/library/2020/09/01/3a7589a2bc2e406390b1fca8e62cb8fa.pdf

Поделиться!

Поделись этим постом с друзьями!