Халықаралық Вальбонн орталығының конкурсы

Францияның ең беделді инженерлік-ғылыми жоғары оқу орындарына (Жоғары Политехникалық мектеп, Париж Жоғары орталық мектебі, Telecom Paris Жоғары телекоммуникация мектебі, Жоғары қалыпты мектеп және т.б.) түсуге арналған дайындық курстарының екі жылдық бағдарламасына қатысу грантына өтінімдер қабылдау басталды.

Бағдарламаны аяқтаған студенттер оқудың үшінші жылына қабылданады. Аталған университеттердің барлығының шетелдік серіктестері бар. Студенттердің оқуды бітіргеннен кейін екі диплом: француз университетінің және әлемдегі беделді университеттердің бірінің дипломын алуға мүмкіндіктері болады.

Қазақстандықтар байқауға мына екі бағыт бойынша қатыса алады: жоғары математика – физика инженерлік ғылымдар және жоғары математика – физика-химия-инженерлік ғылымдар.

Конкурстық іріктеуді өткізу мерзімдері:

Конкурсқа қатысуға арналған формуляр 2021 жылдың 26 наурызына дейін CIV сайтында қолжетімді.

Қабылдау емтихандары 2021 жылдың 6-9 сәуір аралығында онлайн форматта өтеді.

Ғылыми пәндер бойынша емтихандар 2021 жылдың 6-8 сәуір аралығында; француз тілінен емтихандар 2021 жылдың 9 сәуірінде өтеді.

 

Толығырақ ақпарат төмендегі сілтеме бойынша қолжетімді http://civ.classeprepa.net/static/media/uploads/concours21vr.pdf

Поделиться!

Поделись этим постом с друзьями!