«IQanat High School of Burabay» білім беру мекемесі мектеп-пансионатының педагогикалық ұжымына арналған оқу мақсаттарын жүзеге асыру және оқушылардың пәндік дағдыларын дамыту әдістері бойынша оқыту (тәжірибеге бағдарланған) тренингі

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының мамандары 2024 жылдың 19-20 қазан аралығында Щучье қаласындағы (Ақмола облысы) «IQanat High School of Burabay» білім беру мекемесі мектеп-пансионатының базасында тренингтер өткізеді.

Жоспарланған іс-шараларға негізгі және жоғары мектептің 9–11 сыныптарының «Математика», «Физика», «Химия», «Биология», «Информатика», «География», «Қазақ тілі», «Орыс тілі» және «Тарих» пәндері бойынша оқу мақсаттарын жүзеге асыру және оқушылардың пәндік дағдыларын дамыту әдістеріне арналған оқыту (тәжірибеге бағдарланған) тренингтері аясында 32 мұғалім қатысады.

 

Бағдарлама 16 академиялық сағатқа жоспарланған және заманауи білім беру әдістері мен технологиялары арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ еліміздің білім беру стандарттарын арттыруға ұмтылысын қолдай отырып, өңірлердің білім беру әлеуетін нығайтуға елеулі үлес қосуды жалғастыруда.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының қызметі туралы толық ақпаратты cep.nis.edu.kz білім беру сайтынан алуға болады.

Поделиться!

Поделись этим постом с друзьями!