Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі мұғалімдерге арналған вебинарлар
Білім беру бағдарламалары орталығының пән мамандары 2022 жылдың 3-4 ақпанында ауылдық мектептердің мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Математика», «Информатика», «Химия», «Биология», «География» пәндерінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша қазақ және орыс тілдерінде вебинарлар жүргізді.
Вебинарға Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының 14 ауыл мектептерінен 155 мұғалім қатысты.
Вебинарлар аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға арналған тапсырмалар талданды, нақты әдістемелік ұсынымдар берілді.