Participation on the First KIX Education Policy and Innovation Conference

2021 жылғы 28 қазанда «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының қызметкерлері Орехова Наталия және Бигазина Перизат Кавказ, Шығыс Еуропа, Орталық Азия мен басқа да елдердің зерттеушілері, саясаткерлері мен тәжірибелі мамандары арасындағы диалогты жандандыру үшін білім беру саласындағы саясат пен инновациялар жөнінде форум құруға бағытталған KIX (Network for international policies and cooperation in education and training) конференция жұмысына қатысты. Конференцияға білімді жетілдіру, ұлттық және әлемдік тәжірибеге назар аудару үшін  сарапшылармен қатар әртүрлі білім беру мекемелерінің өкілдері де шақырылды.

Біздің әріптестер «Жаратылыстану»  пәніне арналған практикалық тапсырмаларды қалай жасау және бастауыш сынып оқушыларының зерттеу дағдыларын қалыптастырудың практикалық тәсілдерін көрсететін бейнесабақтарды қалай даярлау тәжірибелерімен бөлісті. Әріптестер тарапынан жасалған «Жаратылыстану» оқулығы оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыратын педагогикалық шарттардың бірі» тақырыбындағы баяндама білім саласындағы халықаралық зерттеушілердің қазақстандық тәжірибе мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының қызметіне деген қызығушылығын тудырды.

Поделиться!

Поделись этим постом с друзьями!