«Болашақ білім беру мен дағдылар: Білім беру – 2030»

«Болашақ білім беру мен дағдылар: Білім беру – 2030»

«Болашақ білім беру мен дағдылар: Білім беру – 2030» жобасы аясындағы ЭЫДҰ жарияланымдарының көрсетілімі

25-26 қараша күндері «Болашақ білім беру мен дағдылар: Білім беру – 2030» жобасы шеңберінде ЭЫДҰ-ның кезекті виртуалды форумы өтті. Форумда куррикулум бойынша екі халықаралық есеп ұсынылды.

«Бүгінгі куррикулум мазмұны және оның 21 ғасыр куррикулум талаптарына сай болуы» атты бірінші есеп куррикулумның оқушылардың болашақ қажеттіліктеріне жауап бере алмай, артта қалу мәселелеріне арналды. «Куррикулумның шамадан тыс жүктемесі: мәселені шешу жолдары» атты екінші есебі куррикулумның шамадан тыс жүктелу мәселесін шешу жолдарына арналған. 

ЭЫДҰ үшін түрлі стейкхолдерлердің дауысы маңызды. Бұл форум да ол ережелерден алшақ кетпеді. Есептерді Франция, Литва, Нидерланды, Корея, Израиль және басқа елдердің мұғалімдері мен оқушылары, білім министрліктерінің қызметкерлері ұсынды. Шақырылғандардың ішінде Алматы қ. ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы Джафар Қабиденов те болды. Ол пандемия кезіндегі өз оқу тәжірибесін қысқаша сипаттап, оқушылардың қашықтықтан оқыту кезінде кездескен қиындықтарымен бөлісті, кері байланыс пен қалыптастырушы бағалаудың маңыздылығын атап өтті.  

Келесі жаһандық форум Эстонияда 2021 жылдың мамыр айына жоспарланған.

Есептермен және есептердің бейнетаныстырылымдарымен төмендегі сілтеме арқылы танысуға болады https://www.oecd.org/education/2030-project/curriculum-analysis.

Еліміздiң жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған қашықтан оқыту бейнесабақтарын әзірлеу жұмыстары жалғасуда.

Еліміздiң жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған қашықтан оқыту бейнесабақтарын әзірлеу жұмыстары жалғасуда.

Еліміздiң жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған қашықтан оқыту бейнесабақтарын әзірлеу жұмыстары жалғасуда.

 Педагогтар, операторлар, техникалық редакторлар және тағы басқа мамандардың бірлескен үлкен командасымен оқушыларды қашықтан оқытуға арналған бейне-сабақтарды жобалауда ауқымды жұмыс жалғасын тауып келеді.

Аталған жобада «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының мамандары белсенді түрде ат салысуда.

Унгарбаева Айымгул Есенжановна 16 сәуір күні Республикалық «Балапан» каналынан  «Қазақстан тарихы» пәнінен қазақ тілді 7-8 сынып оқушыларына арналған алғашқы онлайн сабағын өткізді.

Айымгул Унгарбаева – орта білімнің мазмұнын жаңарту аясында «Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» пәндерінің оқу бағдарламаларының құрастырушыларының бірі. 13 жылдық еңбек өтілі бар тарих мұғалімі, оқулық авторы, сонымен қатар, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған «Жүйелі-әдістемелік кешеннің» пәндік эксперті және модераторы.

«Болашақ білім мен дағдылар: Білім беру – 2030» ЭЫДҰ жобасы аясындағы екінші виртуалды жаһандық форум

«Болашақ білім мен дағдылар: Білім беру – 2030» ЭЫДҰ жобасы аясындағы екінші виртуалды жаһандық форум

«Болашақ білім мен дағдылар: Білім беру – 2030» ЭЫДҰ жобасы аясындағы екінші виртуалды жаһандық форум

 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ (бұдан әрі – НЗМ) 2020 жылы «Болашақ білім мен дағдылар: Білім беру – 2030» ЭЫДҰ жобасында Қазақстанның атынан ұлттық үйлестіруші ретінде жұмысын жалғастырды. Осы жылдың қазан айында НЗМ ЭЫДҰ ұйымдастырған екінші виртуалды жаһандық форумға қатысты (бұдан әрі – форум). Бірінші форум 2020 жылдың мамыр айында өтті.

 

Форумға НЗМ атынан Жанар Абдильдина, Зухра Шегенова, Мадина Тыныбаева, Әсем Еркінова, Зарина Хамидулина және Нұр-Сұлтан қаласындағы ФМБ НЗМ директорының орынбасары Айдар Хорошаш қатысты. Сондай-ақ, форумға Нұр-Сұлтан қаласындағы ФМБ НЗМ-нің 10- және 12-сынып оқушылары Рахат Жакиенов, Аружан Аусат, Азат Тыртыкаев, Ақтау қаласындағы ХББ НЗМ-нің 11-сынып оқушылары Жанерке Сулейменова, Гульфайруз Ниялова қатысты. Алматы қаласындағы ФМБ НЗМ оқушысы Джафар Кабиденов ЭЫДҰ хатшылығының шақыруымен форумға екінші рет қатысып, топ жұмысының нәтижелерін таныстырды.

 

Бірінші форумда әр елдердің өкілдері пандемия жағдайында білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелерін шешудегі қиындықтар мен шешімдерді ұсыну мүмкіндіктерін қарастырды. Екінші форумда мектептердің ашылуына, жаңа оқу жылының басталуына қатысты сұрақтар мен қиындықтар, сонымен қатар білім берудегі әділдік пен теңдік мәселелеріне зер сала отырып қарымта шаралар қарастырылды.

 

Халықаралық сарапшылардың қатысуымен ZOOM онлайн-платформасында екі күндік топтық жұмыс жүргізілді. Әлемнің әртүрлі елдеріндегі оқушылардың пікірлері мен тәжірибелеріне ерекше назар аударылды. Топтардағы пікірталастар «оқушылар үніне» құлақ асудан басталды. НЗМ оқушылары әртүрлі фокус-топтарға кіріп, білім беру бағдарламасына, бағалауға, жаңа оқу жылындағы оқу үдерісіне қатысты тәжірибелерін сипаттап, пікірлерімен бөлісті.

 

Бірінші күні топтық жұмыстың негізгі бағыты – білім беру бағдарламасы мен бағалау арқылы теңдіктегі алшақтықты азайту, оның ішінде үлгерімнің төмен болуы, оқушылардың мектепке бармауы, оқудағы олқылықтар, оқушылардың әл-ауқаты мен уәждемесін қоса алғанда. Форумның екінші күні әртүрлі елдердегі мұғалімдермен және ғалымдармен бірлесіп пандемия кезіндегі мұғалімдер мен оқыту рөлінің өзгеруі, сондай-ақ «Оқыту тұсбағдары – 2030» тұрғысынан болашақ мұғалімнің бейнесі, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас, оқу ортасы талқыланды. Қатысушылар бірлесіп «Мұғалім тұсбағдары – 2030» (жоба атауы) жобасын әзірледі.

 

«Болашақ білім мен дағдылар: Білім беру – 2030» жобасы туралы толығырақ ақпаратты сілтеме арқылы алуға болады https://www.oecd.org/education/2030-project/

«Білім беру мен дағдылардың болашағы: білім беру – 2030» жобасы шеңберіндегі ЭЫДҰ-ның алғашқы виртуалды жаһандық форумы

«Білім беру мен дағдылардың болашағы: білім беру – 2030» жобасы шеңберіндегі ЭЫДҰ-ның алғашқы виртуалды жаһандық форумы

«Білім беру мен дағдылардың болашағы: білім беру – 2030» жобасы шеңберіндегі ЭЫДҰ-ның алғашқы виртуалды жаһандық форумы

2020 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ (ары қарай – НЗМ) ЭЫДҰ-ның «Білім беру мен дағдылардың болашағы: білім беру – 2030»  жобасында Қазақстан тарапынан ұлттық үйлестіруші ретінде өз жұмысын жалғастырды.

Мамыр айында ЭЫДҰ «2030 білім беру мен дағдылар мәселелері жөніндегі жаһандық форумын» (бұдан әрі – Форум) алғашқы рет виртуалды түрде ұйымдастырды. Форумға НЗМ қызметкерлері Жанар Абдильдина, Зарина Хамидулина, Айжан Рамазанова, Петропавл қаласындағы ХББ НЗМ директоры Нұрғали Елшібеков пен Семей қаласындағы ФМБ НЗМ математика пәнінің мұғалімі Наркен Бүркенов қатысты. Сонымен қатар форумға Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 және 12-сынып оқушылары Джафар Қабиденов, Ардана Изимова мен Әли Стамбаев қатысты. Форумға әлемнің 300-ден астам өкілі қатысты.

Форумның негізгі мақсаты — індет жағдайында білім беру бағдарламаларын іске асыруға қатысты туындаған қиындықтарды талқылап, шешім қабылдауға, сондай-ақ басқа елдердің тәжірибесін зерттеуге  мүмкіндік беретін алаң құру.  Кездесу үш фокус-топтың қатысуымен өтті, бірінші фокус-топ әртүрлі елдердің үкіметтері мен мемлекеттік құрылымдарының өкілдерінен құралса, екінші фокус-топ – оқу орындарының мұғалімдері мен оқытушыларынан, үшінші фокус-топ – бүкіл әлемнің оқушылары мен студенттерінен құралды.

Екі күн бойы халықаралық сарапшылардың қатысуымен ZOOM онлайн платформасында топтар жұмыс істеді. Әлемнің төрт тарапынан келген оқушылардың пікірі мен тәжірибесіне ерекше көңіл бөлінді. Біздің оқушылар әртүрлі фокус-топтарға бөлініп келесі топтармен жұмыс істеуге мүмкіндік алды: Бразилия, Германия, Оңтүстік Корея оқушыларымен; Жапония, Ұлыбритания, АҚШ, Қытай мұғалімдерімен; АҚШ, Дания үкіметтерінің өкілдерімен, сондай-ақ Нидерланд ханшайымы Лаурентинмен.

Зияткерлік мектеп оқушылары қатысқан топ модераторлары біздің оқушыларымызға өз топтарынан спикер ретінде қорытынды сессияда нәтижелерін ұсынуға мүмкіндік берді.  

Джафардың негізгі идеяларының бірі — оқу үдерісін қазіргі күрделі кезеңге барынша бірқалыпты бейімдеу мақсатында мұғалімдермен және әкімшілікпен бірлесіп жұмыс істеу үшін мектептердің өзін-өзі басқару негізінде оқушылар тобын құру.  Ал Ардана оқушыларды ынталандыру маңыздылығына баса назар аударды. Ол оқушылар арасында олардың ынтасына  әсер ететін факторларға қатысты зерттеу жүргізуді ұсынды. Халықаралық сарапшы Питер Мехисто Ардананың ұсыныстарын дәйексөз етіп қайталады.

Әли қатысқан топ қазіргі күнде қалыптасқан жағдайда емтихандар тапсыру және жоғары оқу орындарына ауысуға байланысты оқушылардың алаңдауын талқылады. Бұл проблеманың басты себебі ретінде белгісіздік көрсетілді, сондықтан коммуникацияны жақсарту негізгі шешімдердің біріне айналды. Әли мектептер (оқушылар, мұғалімдер, ата – аналар) мен негізгі шешімдерді қабылдайтын стейкхолдерлер, яғни университеттер, министрліктер, емтиханға жауапты ұйымдар арасында байланыс құруға ерекше көңіл бөлуді ұсынды.

Қорытындылай келе, оқушылардың қабілетін бағалау үшін қолданылатын қазіргі күнгі емтихандарды қайта қарау мәселесі көтерілді, бұл өз кезегінде форумға қатысушыларды ойға салды.

Осы жылдың күзінде ЭЫДҰ-ның екінші виртуалды кездесуі жоспарланып отыр. 

Сатылова Айғаным еліміздің жалпы білім беретін мектеп оқушыларын қашықтықтан оқытуға арналған бейнесабақтарды дайындау үдерісіне катысты.

Сатылова Айғаным еліміздің жалпы білім беретін мектеп оқушыларын қашықтықтан оқытуға арналған бейнесабақтарды дайындау үдерісіне катысты.

Сатылова Айғаным еліміздің жалпы білім беретін мектеп оқушыларын қашықтықтан оқытуға арналған бейнесабақтарды дайындау үдерісіне катысты.

     Жалпы білім беретін мектеп оқушыларын қашықтан оқытуда телеарналарға бейнесабақтар мазмұнын дайындау мен жүргізу үдерісіне «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы мамандары белсене қатысуда.

     22 сәуірде Сатылова Айғаным Елубайқызы «Балапан» телеарнасында қазақ тілінде білім алатын 5-сынып оқушылары үшін «Қазақ тілі» пәнінен онлайн сабақ өткізді. Бұл сабақ Айғаным Елубайқызының «Балапан» арнасынан көрсетуге әзірлеген 13 сабағының ең алғашқысы.

      Сатылова Айғанымның жалпы педагогикалық өтілі – 10 жыл, Назарбаев Зияткерлік мектептері жүйесіндегі қызмет өтілі – 5 жыл. Ол 2019 жылдан бері «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша сарапшы маман және еліміздің жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған «НЗМ» ДББҰ әзірлеген «Жүйелік-әдістемелік кешен» онлайн платформасының модераторы.