2-сыныпқа арналған оқулықтар мен ОӘК авторларының семинары
2021 жылдың 5, 6 және 8 қаңтарында 2-сыныпқа арналған қазақ және орыс тілдеріндегі «Математика», «Жаратылыстану», «Дүниетану», «Музыка», «Көркем еңбек», сонымен қатар «Қазақ тілі (бірінші тіл ретінде)», «Қазақ тілі (екінші тіл ретінде)», «Әдебиеттік оқу», «Русский язык (как второй язык)», «Литературное чтение» пәндерінен оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді қайта қарау бойынша авторларға арналған оқыту семинары онлайн форматта өткізіледі. Семинарға «НЗМ» ДББҰ филиалдары мен тыс ұйымдардың 50 қызметкері қатысады.
2020-2021 оқу жылында Білім беру бағдарламалары орталығы Зияткерлік мектептердің мұғалімдеріне NIS-Programme білім беру бағдарламасын қашықтан оқыту форматында жүзеге асыруға кешенді қолдау көрсетіп келеді (әдістемелік, ресурстық және консультациялық).
Білім беру бағдарламалары орталығының бастамасымен TEAMS платформасында арнайы 16 пәндік топ құрылды, әр топқа үйлестіруші ретінде жауапты пән маманы тағайындалды.
Әрбір топта Зияткерлік мектептер желісінің мұғалімдері әзірлеген барлық пәндер мен сыныптарға арналған оқыту тілдеріндегі ресурстардың бірыңғай қоры құрылды.
Мұғалімдер апта сайын аптаның көшбасшы мектептерінің үлгілі оқыту материалдарына қол жеткізе алады. Оларды өз оқушыларына бейімдей отырып, сабақ дайындау барысында қолдана алады.
Оқу материалдарының минималды топтамасына сабақ жоспары, таныстырылым, аудио/бейнематериалдар, дағдыларды бекітуге және пысықтауға бағытталған тапсырмалар кіреді.
Бірыңғай ресурстар қоры Зияткерлік мектептер желісінің мұғалімдері арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ тәжірибе алмасуға және сабақ сапасындағы алшақтықты азайтуға септігін тигізеді.
«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсанға арналған ресурстар қоры
«Қазақстан білім зерттеушілерінің әдеп кодексі», KERA
Білім беру саласындағы зерттеушілердің қазақстандық қоғамы (KERA) Қазақстан білім зерттеушілерінің әдеп кодексін әзірлеп, көпшілік назарына ұсынып отыр. Кодекс Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебімен бірлесе отырып әзірленген.
Кодекс – отандық білім беру саласындағы зерттеушілердің қызметін кәсіптік және әдеп тұрғысынан реттеудің алғашқы қадамы.
Кодексте зерттеу саласындағы әдеп нормаларына қатысты ұғымдарға түсінік беріліп, зерттеушілердің құндылықтары мен ұстанымдарына, әдеп ережелеріне, сонымен қатар зерттеу жүргізетін ұйымдардың жауапкершілігіне қатысты толыққанды ақпарат ұсынылған.
KERA – коммерциялық емес ұйым және еліміздегі білім беру саласындағы зерттеушілердің қауымдастығы.
ЭЫДҰ үлгі ретінде Зияткерлік мектеп мұғалімінің бейнеролигін таңдады
ЭЫДҰ, ЮНЕСКО және «Білім беру мұғалімдері – 2030» Халықаралық мақсатты тобы бірігіп, бүкіл әлем бойынша COVID-19 пандемиясы кезіндегі мұғалімдердің білім беру тәжірибесін зерттеу мақсатында Global Teaching InSights бастамасын іске қосты. Бұл бастаманың басты мақсаттарының бірі – жаһандық диалогты дамыту.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Білім беру бағдарламалары орталығы бұл бастаманы қолдап ЭЫДҰ хатшылығына жіберуге 9 бейнеролик ұсынды.
ЭЫДҰ Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәнінің мұғалімі Әлия Андақаеваның бейнеролігін үлгі ретінде таңдап, жоғары баға берді. Бейнеролик ЭЫДҰ сайтында жарық көрді, Зияткерлік мектептер желісі мұғалімдерінің қалған 8 бейнеролигі модерацияда.
«Қашықтықтан оқыту жағдайында жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндер бойынша тәжірибелік жұмыстарды жүзеге асыру» тақырыбында вебинар өткізiлді.
2020 жылдың 24 сәуірі күні «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламалары орталығының қызметкерлері Ғалия Алжанова, Лилия Алтынбаева және Азиза Абдурахманова «Қашықтықтан оқыту жағдайында жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндер бойынша тәжірибелік жұмыстарды жүзеге асыру» тақырыбына арналған вебинар өткізді.
Орталық директоры Әбділдина Жанар Нұрбапашқызының модерациялауымен өткен қазақ және орыс тілдеріндегі вебинар «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығы бастамашылық еткен еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері мен білім беру мекемелерінің басшыларына арналған вебинарлар топтамасының бірінші вебинары болып табылады.
Вебинардың бірінші бөлімінде химия, биология, физика сабақтарындағы зерттеу жұмыстарын жүргізу кезеңдері, оның ішінде экспериментті жоспарлау, зерттеу мәселесін тұжырымдау, тиісті зерттеу әдісі мен материалдарды таңдау, эксперимент жүргізу, деректерді жазу мен өңдеу, қорытындыларды тұжырымдау, нәтижелерді талқылау іс-әрекеттері қарастырылды.
Шеберлік-класс түріндегі вебинардың негізгі бөлігі виртуалды зертханаларды, бейне эксперименттерін, симуляцияны қолданудың, үй жағдайында эксперимент жүргізудің тәжірибелік мәселелеріне арналған. Мамандар деректерді өңдеуге, айнымалыларды анықтауға, эксперимент қорытындысы бойынша жұмыс парақтарын толтыруға және зерттеу жұмысының есептерін рәсімдеу үшін эксперименттің дайын нәтижелерін ұсынуды болжайтын практикалық жұмысты жобалауға қатысты тапсырмаларды нақты мысалдардың негізінде көрсетті.
Тыңдаушылардың кері байланысы осы вебинардың пайдалы және дер кезінде көрсетілген әдістемелік көмек ретінде бағаланғанын көрсетті, өйткені жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндердің тәжірибелік бөлімін жүзеге асыру оқытудың жаңа жағдайларында өзекті болып қала береді.