«Қашықтықтан оқыту жағдайында жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндер бойынша тәжірибелік жұмыстарды жүзеге асыру» тақырыбында вебинар өткізiлді.

   

 

«Қашықтықтан оқыту жағдайында жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндер бойынша тәжірибелік жұмыстарды жүзеге асыру» тақырыбында вебинар өткізiлді.

   

     2020 жылдың 24 сәуірі күні «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламалары орталығының қызметкерлері Ғалия Алжанова, Лилия Алтынбаева және Азиза Абдурахманова «Қашықтықтан оқыту жағдайында жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндер бойынша тәжірибелік жұмыстарды жүзеге асыру» тақырыбына арналған вебинар өткізді.

       Орталық директоры Әбділдина Жанар Нұрбапашқызының модерациялауымен өткен қазақ және орыс тілдеріндегі вебинар «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығы бастамашылық еткен еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері мен білім беру мекемелерінің басшыларына арналған вебинарлар топтамасының бірінші вебинары болып табылады.

    Вебинардың бірінші бөлімінде химия, биология, физика сабақтарындағы зерттеу жұмыстарын жүргізу кезеңдері, оның ішінде экспериментті жоспарлау, зерттеу мәселесін тұжырымдау, тиісті зерттеу әдісі мен материалдарды таңдау, эксперимент жүргізу, деректерді жазу мен өңдеу, қорытындыларды тұжырымдау, нәтижелерді талқылау іс-әрекеттері қарастырылды.

       Шеберлік-класс түріндегі вебинардың негізгі бөлігі виртуалды зертханаларды, бейне эксперименттерін, симуляцияны қолданудың, үй жағдайында эксперимент жүргізудің тәжірибелік мәселелеріне арналған. Мамандар деректерді өңдеуге, айнымалыларды анықтауға, эксперимент қорытындысы бойынша жұмыс парақтарын толтыруға және зерттеу жұмысының есептерін рәсімдеу үшін эксперименттің дайын нәтижелерін ұсынуды болжайтын практикалық жұмысты жобалауға қатысты тапсырмаларды нақты мысалдардың негізінде көрсетті.

       Тыңдаушылардың кері байланысы осы вебинардың пайдалы және дер кезінде көрсетілген әдістемелік көмек ретінде бағаланғанын көрсетті, өйткені жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндердің тәжірибелік бөлімін жүзеге асыру оқытудың жаңа жағдайларында өзекті болып қала береді.

Вебинар мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://clck.ru/N6s8E