Сатылова Айғаным еліміздің жалпы білім беретін мектеп оқушыларын қашықтықтан оқытуға арналған бейнесабақтарды дайындау үдерісіне катысты.

   

 

Сатылова Айғаным еліміздің жалпы білім беретін мектеп оқушыларын қашықтықтан оқытуға арналған бейнесабақтарды дайындау үдерісіне катысты.

 

    Жалпы білім беретін мектеп оқушыларын қашықтан оқытуда телеарналарға бейнесабақтар мазмұнын дайындау мен жүргізу үдерісіне «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы мамандары белсене қатысуда.

     22 сәуірде Сатылова Айғаным Елубайқызы «Балапан» телеарнасында қазақ тілінде білім алатын 5-сынып оқушылары үшін «Қазақ тілі» пәнінен онлайн сабақ өткізді. Бұл сабақ Айғаным Елубайқызының «Балапан» арнасынан көрсетуге әзірлеген 13 сабағының ең алғашқысы.

      Сатылова Айғанымның жалпы педагогикалық өтілі – 10 жыл, Назарбаев Зияткерлік мектептері жүйесіндегі қызмет өтілі – 5 жыл. Ол 2019 жылдан бері «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша сарапшы маман және еліміздің жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған «НЗМ» ДББҰ әзірлеген «Жүйелік-әдістемелік кешен» онлайн платформасының модераторы.