9-сыныпқа арналған «Математика» оқу-әдістемелік кешенін аудару үшін локализаторға байқау жарияланымы

 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы «Математика» пәні бойынша оку-әдістемелік кешенін әзірлейтін локализатор-аудармашыларға (орыс тілінен-қазақ тіліне) байқау жариялайды.
 Байқау үміткерлеріне қойылатын талаптар:
-мамандығы бойынша жоғары білім;
-мемлекеттік тіл мен орыс тілін қызметтік міндетті атқаруға қажетті деңгейді білу;
-Microsoft Office бағдарламасымен және құжат айналымы бағдарламаларымен жұмыс істей білу;
-НЗМ жүйесінен болмау;
-өз жұмысын тиімді әрі мерзімді орындай білу.
Байқауға қатысушыларды өз түйіндемелерін This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасына жіберулерін сұраймыз.