Қалиева Бибігүл мен Жакеева Алтынгүл еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларын қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жобасына қатысады

   

 

Қалиева Бибігүл мен Жакеева Алтынгүл еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларын қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жобасына қатысады

        6 сәуірден бастап Білім және ғылым министрлігінің еліміздегі жалпы білім беретін мектеп оқушыларын қашықтан оқыту бойынша жобасы іске қосылды. Бұл жобаның жүзеге асуына «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалы «Білім беру бағдарламалары орталығының» қызметкерлері белсенді атсалысуда.

9 сәуірде «Ел Арна» республикалық телеканал эфирінде Қалиева Бибигүл Каримқызы орыс тілінде оқитын 6 және 7 сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» және «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша алғашқы онлайн-сабақтарын өткізді. Бибигүл Каримқызы – жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларын құрастырушы тобының мүшесі, 5-ші сыныпқа арналған «Дүниежүзі тарихы» оқу- әдістемелік кешенінің әдіскері және пәндік редакторы, сонымен қатар «Жүйелі- әдістемелік кешені» сайтындағы әдістемелік материалдардың пәндік эксперті және модераторы.

9 сәуір күні республикалық «Ел Арна» телеканалында Жакеева Алтынгүл Асқарқызы «Дүниетану» пәні бойынша оқыту орыс тіліндегі сыныптар үшін онлайн-cабақтар топтамасын жүргізді. Атап айтсақ, 1- сыныпқа «Тамақтану режимі», 2-сыныпқа «Жергілікті жерде қалай бағдарлаймыз?», 4-сыныпқа «Кәсіби мерекелер» тақырыбында сабақ берді. Алтынгүл Асқарқызы 1- сыныпқа арналған «Дүниетану» оқулығының авторларының бірі, Жүйелі-әдістемелік кешеннің модераторы болып табылады. Ертең 3-сыныпқа арналған «Су – тіршілік көзі» тақырыбындағы сабағы эфирге шығады.