Құлмагамбетова Ақсұлу еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларын қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жобасына қатысады

   

Құлмагамбетова Ақсұлу еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларын қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жобасына  қатысады

          Қазақстан Республикасының Білім министрлігі және Bilim Media Groupe  компаниясының ұйымдастыруымен өтетін  бейнесабақтар мазмұнын дайындау мен жүргізуге  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы мамандары белсенді түрде ат салысуда. 7 сәуірде  «Назарбаев Зияткерлік  мектептері» ДББҰ-ның «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының «Лингвистикалық бағыттағы пәндер бөлімінің»  аға менеджері  Ақсұлу Шынболатқызы Құлмағамбетова  9-сынып оқушылары үшін «Қазақ тілі мен әдебиеті» сабағын өткізді. Бұл сабақ Ақсұлу Шынболатқызының дайындаған 15 сабағының ең алғашқысы болып табылады.

         Ақсұлу Шынболатқызы Құлмағамбетова «Қазақ тілі»,  «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқу бағдарламаларын құрастырушылардың бірі және аталған пәндер бойынша Жүйелік әдістемелік кешеннің пәндік үйлестірушісі және модераторы.  Бүгінде білім сапасын арттыру бағытында түрлі әдістемелік құралдар, мақалалар жариялаумен әдіскер мамандар арасында кеңінен  танымал. Қиын-қыстау уақытта белсенділік танытып, болашақтың ертеңі үшін ерен еңбек етіп жатқан әріптесімізге алғыс білдіреміз және табыс тілейміз.