«Білім алуға қалай үйрету керек: эмоционалды даму және білім берудегі заманауи тәсілдер» семинары

   

«Білім алуға қалай үйрету керек: эмоционалды даму және білім берудегі заманауи тәсілдер» семинары

 

 2019 жылдың желтоқсанында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның «Білім беру бағдарламалары орталығының» қабырғасында Ресейден келген сарапшы Виктория Шиманскаяның қатысуымен «Білім алуға қалай үйрету керек: эмоционалды даму және білім берудің заманауи тәсілдері» атты біліктілікті арттыру семинары өтті.

Эмоционалды зият дегеніміз эмоцияларды ажыратуға, түсінуге және басқаруға бағытталған қабілеттерінің жиынтығы. Кез келген басқа қабілет сияқты, эмоционалды зиятты балаларға да, ересектерге де дамыға болады және қажет те.

Семинар кезінде қатысушылар Skillfolio технологиясымен жұмыс істеу мүмкіндіктерімен танысты. Семинар барысында эмоционалды зияттың негізгі аспектілері қарастырылды: эмоцияларды қабылдау, ойлауға ынталандыру үшін эмоцияларды қолдану, эмоцияларды түсіну, эмоцияларды басқару және т.б. Қатысушылар білім беру саласында эмоционалды зият қалай көмектесе алатындығын, педагогикалық және кәсіби практикада психологиялық практиканы жалпы қалай қолдануға болатындығын талқылады.

Семинар кезінде теориялық және практикалық жұмыс жасалды. Қатысушылар эмоционалды зият туралы білімдерін кеңейтті, психологиялық практикаларды қолдануды ескере отырып, функционалдық міндеттерді тиімді орындау бойынша нұсқаулық алды.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.