KERA-2019 қысқы мектебіне қатысу «Білім беру саласындағы заманауи зерттеуді жобалау»

 

KERA-2019 қысқы мектебіне қатысу

«Білім беру саласындағы заманауи зерттеуді жобалау»

       2019 жылдың желтоқсан айында Білім беру бағдарламалары орталығының пән мамандары Зухра Шегенова, Анар Оспанова, Ақсұлу Құлмағамбетова, Ғалия Алжанова, Алия Айтпаева KERA-2019 Қысқы мектебінде «Білім беру саласындағы заманауи зерттеуді жобалау» тақырыбында 5 күндік тренингке қатысты. Қысқы мектептің негізгі мақсаты – қатысушыларды білім берудегі зерттеу жүргізу негіздерімен және зерттеу әдістерімен таныстыру.

Семинар жоғары білім беру мектебінің жетекші ғалымдары Н.Аюбаева (PhD), Д.Шаматов (PhD), Д.Торрано (PhD), З.Джумакулова, А.Ибрашеваның қатысуымен Назарбаев Университетінде өтті.

Қысқы мектеп бағдарламасында зерттеу парадигмалары, зерттеуді жоспарлау, зерттеу тақырыбын таңдау, әдебиеттерге шолу жасау және мәліметтерді жинау, зерттеу этикасы және т.б. тақырыптар қамтылды. Elevator pitch (лифтте қысқаша таныстырылым жасау) сияқты практикалық тапсырмалар қатысушыларға тақырыптарды терең түсінуге және алған білімдерін зерттеу тақырыбына қатысты қолдануға ықпал етті.

Тренинг нәтижелері оқытудың соңғы күні постер-сессия арқылы ұсынылды, әр топ өз зерттеулерінің жобасын таныстырды. Постер-сессияның соңында кейбір қатысушылар «Үздік постер», «Барлық қатысушылардың аттарын жаттап алған адам», «Постерді қорғау кезінде ең жақсы баяндама» номинациялары бойынша марапатталды. Анар Оспанова «Үздік постер» номинациясында жеңімпаз атанып, сыйлыққа кітап алды.

Қатысушылар өз ризашылығы мен әр тақырыпты терең және егжей-тегжейлі қарастыру үшін оқытуды одан әрі жалғастыруға тілек білдірді.