«Қазақ тіліне бойлау жобасының әдістемелік негіздері және оны жүзеге асыру жолдары» атты семинар-тренинг

       «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы еліміздің мектепке дейінгі мекемелерінде қазақ тіліне бойлау жобасы арқылы үш тілде білім беру саясатын жүзеге асыру және мемлекеттік тілдің өркендеуіне қолдау жасау мақсатында ағымдағы жылғы 14 қазан – 1 қараша аралығында Нұр-Сұлтан, Көкшетау және Талдықорған қалаларында «Қазақ тіліне бойлау жобасының әдістемелік негіздері және оны жүзеге асыру жолдары» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренингке барлығы 102 педагог қатысты.

 Семинар-тренингте қазақ тіліне бойлау жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізіп жатқан мектепке дейінгі мекемелердің педагогтарына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Білім беру бағдарламалары орталығы» Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру бөлімінің әдіскер-мамандары Қ.Қ. Байтенова, П.Қ. Биғазина және Ж.Б.Қажығалиевалар шетелдік және отандық ғалымдардың ғылыми дәйектемелері мен озық іс-тәжірибелеріне тоқтала отырып, семинарға қатысушылардың өздігінен жұмыс жүргізіп, әдістемелік шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін оқу формаларын ұсынды. Семинарға қатысушылар тәжірибелі мамандарға қызықты да тәлімі мол дәріс жүргізгендері үшін алғыстарын білдірді.