Жаңа жұмыс бағдарламаларын іске асыруды мониторингілеу әдістемесін әзірлеу бойынша семинар

        2019 жылдың 11-13 қараша аралығында «Білім беру мазмұнын жаңарту және Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж МКҚК-де (Орал) оқу үдерісін ұйымдастыру» жобасы аясында Білім беру бағдарламалары орталығының мамандары Жанар Акижанова, Қаламқас Байтенова және Нұрлыгүл Даулеткереева жаңа жұмыс бағдарламаларының орындалуын бақылау әдістемесін әзірлеу бойынша семинар өткізді.

Мұндағы мақсат – колледждің 30  оқытушысын базалық зерттеу дағдыларына үйрету, бұл дағдылар болашақта мониторингтік іс-шараларды өз бетінше өткізуге мүмкіндік береді. Мониторинг әдістемесін әзірлеу барысында қатысушылар мониторингтің әрбір кезеңімен егжей-тегжейлі танысып, алдағы мониторингтің негізгі фокустарын анықтап, сандық деректерді жинау құралдарын әзірледі.

Қатысушылар өз кері байланыстарында сабақты бақылау және кері байланысты ұсыну дағдылары бойынша рөлдік ойын түрінде өткен сессияның маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Сонымен қатар педагогтар қалыптасып қалған ойлау жүйесі мен оқыту тәжірибесін өзгерту қажеттілігін мойындап, одан әрі оқуға деген құштарлығын жасырмады.

Өз кезегінде жаттықтырушылар колледж оқытушыларының шығармашылық және кәсіби әлеуетін, оқуға деген ашықтығын және өз тәжірибесін жетілдіруге деген ынтасын атап өтті. Колледж педагогтарының бірі Ажар Сәрсенғалиева рефлексия кезінде өз эмоцияларын келесі өлең шумақтары арқылы жеткізді:

День 1

Семинар за семинаром,

Информации поток большой.

Мозг кипит огромным самоваром,

Все бы уложить и забрать с собой!

 

День 2

Сидим, наблюдаем открытый урок.

Коллеги участники у нас как студенты.

Учителя голос, как теплый поток

И все получаем свои девиденды!

 

В группе наблюдателей глубокие умы,

Кипит работа слажено, от мнений всех штормит...

В споре бурном что-то рождалось и ушло,

Но конструктивный постер был создан все равно!

 

День 3

Итог семинара – мониторинг большой.

Сегодня он в виде игры ролевой.

Одни наблюдают, пишут, молчат.

Другие в роли студентов, третьи – волнуются и дрожат.

А тренер твердит: «Не бойтесь, друзья!

Проблемы быть могут везде и всегда...

Забудьте тревогу и победите свой страх,

Вы сможете всё! Всё в ваших руках!»