ЭЫДҰ бейресми жұмыс тобының 10-шы отырысына қатысу

    2019 жылдың қазан айында ДББҰ ЭЫДҰ-ның «Болашақ білім мен дағдылар: Білім беру - 2030» жобасында (бұдан әрі – Жоба) Қазақстаннан ұлттық координатор ретінде  өз жұмысын жалғастырды. Жобаның бейресми жұмыс тобының кезекті 10-шы кездесуі Кореяның Ильсан және Сеул қалаларында өтті.        

    «Білім беру бағдарламалары орталығының» өкілдері Жанар Абдильдина мен Зарина Хамидулинадан тұратын Қазақстандық делегация құрамына «Педагогикалық өлшеулер орталығының» және «Педагогикалық шеберлік орталығының» аға менеджерлері Әсем Еркінова мен Зухра Идришева қосылды.

      Кездесу аясында дене шынықтыру пәні бойынша оқу бағдарламаларының халықаралық салыстырмалы талдауы жарияланды. Сондай-ақ, қатысушы елдер «Оқыту әдістемесі мен бағалаудың білім беру бағдарламаларындағы өзгерістерімен сабақтастығы» тақырыбындағы мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, делегаттар білім беру бағдарламасы, оқыту әдістемесі мен бағалау арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету үшін халықаралық тәжірибені зерттеу бойынша фокус топтарға бірігіп, жұмыс істеді. 

      Кездесу аясында Кореяның білім  министрлігі Халықаралық білім беру конференциясы мен көрме өткізіп, онда Кореядағы білім беруді дамытудың негізгі бағыттары таныстырылды: оқушылардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту.

      Кездесудің соңғы күні қатысушылар Сеул қаласындағы инновациялық мектепке бару мүмкіндігіне ие болды. 

      Дене шынықтыру бойынша халықаралық есеппен мына сілтеме бойынша танысуға болады https://www.oecd.org/education/2030-project/contact/OECD_FUTURE_OF_EDUCATION_2030_MAKING_PHYSICAL_DYNAMIC_AND_INCLUSIVE_FOR_2030.pdf.