ЭКОТИМБИЛДИНГ-2019

       2019 жылдың 4 қазанында Мұғалімдер Күнінің қарсаңында Білім беру бағдарламалары орталығы «Aq Qaıyń GREEN WEEKEND» экотимбилдинг іс-шарасын ұйымдастырды. Іс-шара экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға және ұжымдық рухты нығайтуға бағытталған.

Іс-шара аясында қызметкерлер би флешмобын өткізу, Леонардо да Винчи үлгісіндегі көпір салу сияқты спорттық және шығармашылық тапсырмалар орындады. Тапсырмалар орындау барысында қатысушылар командада өзара әрекеттесу дағдыларын нығайтып, ұжымдағы құрмет пен сенімді күшейтті. 

Тұңғыш Президент Саябағының аумағында 200 ақ қайың көшетін отырғызу бағдарламаның шарықтау шегі болды. Әр қатысушы астананың жасыл аумағын көбейтуге және оны сақтауға үлес қосу мақсатын көздеді.

Білім беру бағдарламалары орталығының атаулы тақтайшасы осы көрнекті экологиялық іс-шараның естелігі ретінде Саябақ аумағында қайыңдар отырғызған күні құрылып, орнатылды.