«Пән мен тілді кіріктіріп оқыту» (CLIL) тәсілдемесін қолдану бойынша оқыту семинары

         2019 жылдың 28-29 тамызында Назарбаев Зияткерлік мектептері мұғалімдеріне арналған «Пән мен тілді кіріктіріп оқыту» (CLIL) тәсілдемесін қолдану бойынша оқыту семинары өтті. Семинар көптілді білім беру және CLIL тәсілдемесі мәселесі бойынша халықаралық сарапшы Питер Мехистоның қатысуымен өтті. Сондай-ақ, П.Мехисто CLIL тәсілдемесін жүзеге асыру бойынша бірнеше кітаптардың авторы.

Семинардың мақсаты - пәнді ағылшын тілінде жүргізетін «Физика», «Химия», «Биология», «Информатика», «ЖПЖЖ» пәндерінің мұғалімдерін CLIL-дің ерекшеліктерімен таныстыру, тілдік және пәндік күтілетін нәтижелерді тұжырымдау, сонымен қатар әр түрлі жұмыстар арқылы скаффолдинг стратегиясын қолдану дағдыларын дамыту.

Семинар мұғалімдердің CLIL тәсілдемесі тұрғысынан әртүрлі оқыту стратегияларымен білімдерін жетілдіруге, CLIL-сабақ атмосферасына толықтай енуіне мүмкіндік берді.