Зияткерлік мектептердің математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық модельдеу және талдау» тақырыбындағы оқыту семинары

 

             2019 жылғы 18-20 наурыз аралығында жоғары мектепте «Математикалық модельдеу және талдау» тақырыбын оқыту әдістемесіне арналған оқыту семинары өткізілді.

 Үш күндік семинар келесідей тақырыптарды қамтыды: «Математикалық талдаудың негізгі ұғымдарын (шек, үздіксіздік, туынды, дифференциал, интеграл) енгізудің әдістемелік аспектілері», «Функциялардың экстремумын табу ережелері бойынша қолданбалы тапсырмаларды шешу», «Бірінші ретті дифференциалдық теңдеулермен модельделген геометриялық есептер» және басқалары.

Қолданбалы тапсырмаларды шешуге айрықша көңіл бөлінді. Семинарға қатысушылар 11-12 сынып оқушыларын сыртқы жиынтық бағалау тапсырмаларын орындауға даярлау ерекшеліктеріне қатысты түсініктеме алды. Зияткерлік мектептердің 27 математика мұғалімі осы оқудан өтті.