Мектеп мұғалімдерін оқыту бойынша Финдік тәжірибені зерттеу

 

             2019 жылдың 11-13 наурыз аралығында Білім беру бағдарламалары орталығының 10 қызметкерінен құралған делегация Финляндияның Оулу қаласына сапармен барды. Бұл сапардың негізгі мақсаты – мектеп оқытушыларын дайындау бойынша халықаралық тәжірибе мен оқу бағдарламаларын зерттеу.

Үш күндік бағдарлама Оулу қаласының әртүрлі білім беру мекемелеріне сапармен баруды қарастырды: Ағарту және мәдениет қызметі,  Оулу Университеті, Мұғалімдерді даярлау орталығы (Oulun Normaalikoulu) және Финляндияның бағдарламалау мектебі.

            Сапар шеңберінде қатысушылар Финляндияның негізгі жалпы білім беру бойынша ұлттық бағдарламасымен, сондай-ақ ондағы бағдарламалау ерекшеліктерімен егжей-тегжейлі танысу мүмкіндігіне ие болды.

Орталық қызметкерлері фин мұғалімдермен бірге дөңгелек үстелге қатысып, оқушылардың практикасын ұйымдастыру мәселесіне қатысты жауап алды. Сонымен қатар, қатысушылар «Финляндияда бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби даярлау және мұғалімдердің біліктілігін арттыру негіздері» тақырыбында лекция тыңдады, онда мұғалімдерді көп сала бойынша даярлау сұрақтары қарастырылды.