«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының «Қазақстан Республикасы орта білімінің жаңартылған мазмұны шеңберіндегі сыни бағалау жүйесі мен оқу бағдарламаларының ерекшеліктері» атты тақырыптағы тренерлерге арналған оқу семинары

        2019 жылдың 3 және 4 қаңтар аралығында Білім беру бағдарламалары орталығының пән мамандары «Өрлеу» БАҰО АҚ-тың 320 тренері үшін оқу семинарларын өткізді. Бұл семинарлардың мақсаты – 4, 9 және 10-сыныптарға арналған пәндер бойынша жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктерін түсіндіру.

Екі күн ішінде семинарларға қатысушылар ұзақ мерзімді жоспарлармен, белсенді оқыту әдістерімен, пәнішілік және пәнаралық байланыстарды ескеретін сабақтарды жоспарлаумен, саралау түрлері және әдістерімен, оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту ерекшеліктерімен егжей-тегжейлі танысты.

«Өрлеу» БАҰО АҚ тренерлері семинардағы ынталандыратын көңіл-күйді, сессиялардың практикаға бағытталғандықтарын, оқу бағдарламаларындағы жаңа және күрделі оқу мақсаттарының егжей-тегжейлі түсіндірілгендіктерін, пән бойынша шебер кластарды және STEAM сабақтар өткізу әдістерін атап өтті.