Пән-тілдік кіріктірілген оқыту (CLIL) бойынша семинар

 2018 жылы 22-24 қазан аралығында үштілдік білім беруді жүзеге асыру аясында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдеріне арналған оқыту семинары ұйымдастырылды. Семинар тақырыбы – пән-тілдік кіріктірілген оқыту (CLIL). Бұл іс-шара Лондон Университеттік колледжінің Білім беру Институтының докторы – Питер Мехистоның қатысуымен өтті. Питер Мехисто – екітілді және үштілді білім беру бағдарламалары саласындағы халықаралық ғылыми кеңесші, ол Эстония, Финляндия, Испания, Франция, Нидерланды, Малайзия және т.б. елдерде көптеген жобаларға қатысты.

         Бұл семинарда келесі мәселелер қарастырылды: академиялық тілді дамыту, тілдік және оқыту мақсаттарын қалыптастыру, скаффолдинг стратегияларын қолдану. Оқуға 22 мұғалім қатысты.