«Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика» бөлімі бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдеріне арналған оқыту семинары

 

2018 жылы 22-24 қазан аралығында Білім беру бағдарламалары орталығының пән мамандары Аубакиров Т.У. мен Балгужинова А.И. Қарағанды қаласындағы ХББ Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқыту семинарын өткізді. Іс-шараның мақсаты – Зияткерлік мектептердің мұғалімдеріне «Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика» бөлімін оқытуда әдістемелік қолдау көрсету. Оспанов Б.Ш. (Астана қ. ФМБ НЗМ), Махашев С.Т. (Қарағанды қ. ХББ НЗМ), Калкулов С.Б. (Алматы қ. ФМБ НЗМ) семинардың көмекші тренерлері болды.

3-күндік семинар жоспарына: «Математика пәнінің оқу бағдарламасындағы ықтималдық-статистикалық бағыттың мазмұны. Статистиканың жалпы теориясының негіздері», кездейсоқ оқиғаның ықтималдығын анықтауды, ықтималдықтар теориясының негізгі түсініктерін, формулаларын енгізудің әдістемелік аспектілері» және басқа да тақырыптар енгізілді. Жұмыс барысында «Статистика және ықтималдықтар теориясы» бөлімінің мазмұнын A-Level бағдарламасымен ұқсастығын тереңірек қарастыру мүмкіндігі болды. Сонымен қатар, қатысушылар қорытынды аттестацияның 1-ші, 2-ші, 3-ші компоненттернің тапсырмаларын қарастырып үлгерді.

19 Зияткерлік мектептің 27 мұғалімі осы оқудан өтті. Қатысушылардың айтуынша, өткізілген семинар пайдалы әрі нәтижелі болды.