«Cambridge және Қазақстан Республикасындағы тіл құзыретін (ағылшын тілі) үйретудегі және бағалаудағы үрдістер» тақырыбындағы халықаралық конференция

 

2018 жылғы 23 қарашада Шымкент қаласында «Cambridge және Қазақстан Республикасындағы тіл құзыретін (ағылшын тілі) үйретудегі және бағалаудағы үрдістер» тақырыбындағы халықаралық конференция өтті.

Орталықтың аға менеджері Кальменов Самат пленарлық сессияда Зияткерлік мектептерде «Пән мен тілді кіріктіріп оқыту» (CLIL) тәсілдемесінің ерекшеліктері тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада оқушылардың пәндік білімі мен дағдыларын, сондай-ақ тілдік құзіреттерін  қалыптастыру және бағалау барысында CLIL мұғалімінің рөліне екпін қойылды; сонымен қатар ресурстарды іріктеу ұстанымдары анықталды.

Конференцияға сондай-ақ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ өкілдері, мектеп директорлары, білім беру басқармалары мен ағылшын тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктерінің басшылары, ЖОО оқытушылары, Cambridge University Press, Cambridge English Assesment,  Ресей  және Өзбекстанның білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.