Зияткерлік мектептердің Түрікменстанға іс-сапары

 

Зияткерлік мектептердің Түрікменстанға іс-сапары

2018 жылдың 22 қазаны мен 4 қарашасы аралығында Білім беру бағдарламалары орталығының қызметкерлері Әлжанова Ғалия мен Кальменов Самат Түрікменстан Ұлттық білім институты өкілдеріне, орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен басшыларына арналған семинар өткізіп қайтты.

Семинар түрікменстандық әріптестермен орта білім беру жүйесін реформалау тәжірибесімен алмасуға, заманауи әдіс-тәсілдер мен оқыту әдістерімен бөлісуге бағытталған. Семинар Еуропалық Одақ Түрікменстанда жүзеге асырып жатқан «Түрікменстанның білім беру жүйесіне көмек» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Семинарға қатысушылар Қазақстанның орта білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістергеқызығушылықпен қарап, қазақстандық практика туралы көбірек ақпарат алуға тілек білдірді.

2018 жылдың 13-14 қарашасында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасының Төрайымы Шәмшидинова К.Н. бастаған делегация Ашхабад қаласында (Түрікменстан) өткен «Күш-қуат пен бақыт дәуіріндегі білім мен спорт» тақырыбындағы Халықаралық көрме мен ғылыми конференцияға қатысты.

Қазақстанның павильоны орналасқан көрмеде Зияткерлік мектептердің оқу-әдістемелік кешендері, сонымен қатар толықтырылған шынайылық технологияларын қолданатын сандық білім беру ресурстары ұсынылды.

Конференция барысында Қазақстан, Түрікменстан және Еуропа Одағы арасында білім беруді дамытуға бағытталған ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Түрікмен әріптестермен ынтымақтастықты одан әрі дамыту жұмыстары 2019-2020 жылдарға жоспарланып отыр.