Байқау жарияланымы

           НЗМ ДББҰ-ның «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы (010000, Астана қаласы, 31-көше, 37 а, анықтамалық телефон: 23-57-58, е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.)бос қызмет орнына байқаужариялайды:

Негізгі мектепке арналған оқу-әдістемелік кешенді әзірлейтін автор (5 бірлік)

Байқауға қатысушылардың барлығына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Қызметтік міндеттер: авторлармен және редакторлармен, сондай-ақ басқа пән командарларының мүшелерімен белсенді түрде бірігіп жұмыс жасау; кіріктірілген білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес контент жазу; білім, білік пен дағдылардың сабақтастығын қамтамасыз ету; өмір бойы өз бетімен оқуға дайындайтын, дамып келе жатқан білім беру қағидаттарына сай болу; егжей-тегжейлі және толыққанды талдау мен есеп жасау, сұрақтар қою, кері байланысты талдап, қателер болған жағдайда оларды түзету; иллюстрациялармен жұмыс істеу, түс пен стильді дұрыс таңдау, түрлі-түсті суреттерді қабылдауға қатысты балалардың танымдық қабілеттерін білу; мәтіндер мен суреттердің теңгерілімде болуын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының білім беру стандартын, авторлық құқықты реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін; мектеп ктаптарына қойылатын талаптарды білу және өз жұмысында, сондай-ақ командалық жұмыс барысында осы стандарттарды ұстану.

Байқау үміткерлеріне қойылатын талаптар: мамандығы бойынша жоғары білім; ғылыми дәреженің болғаны абзал, қызметтік міндетті атқаруға қажет мемлекеттік тіл мен орыс тілін білген жөн; Microsoft Office бағдарламасымен және құжат айналымы бағдарламаларымен жұмыс істей білу; оқулық пен оқу материалын жазу түсінігінің болуы және өз пәнінің маманы болу; оқу әдебиеті мен оқу материалын жазу тәжірибесінің болуы, өз пәні бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектері мен мақалаларының басылып шығуы; кіріктірілген білім беру бағдарламасы талаптарына сәйкес оқу материалын әзірлеу; әрбір жеке пәнде және оқу жоспарындағы барлық пәндер арасында пәнаралық байланыстардың сабақтастығы мен өзара үйлесімділігін сақтау (ғылымилық, сабақтастық, қисындылық, жүйелілік); оқулық пен оқу материалын әзірлегенде инновациялық әдістер мен технологияларды тиімді қолдану; оқушыны өмірде кездесетін мәселелерді шешуге даярлайтын оқу-танымдық тапсырма түрлерінің қамтылуы; АКТ (ақпаратпен жұмыс жасау білігінің қалыптасуы: іздеу, өңдеу, жеткізу, басқару); сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын қолдану; балалардың жасына сай психологиялық ерекшеліктер мен олардың әртүрлі кезеңдерде оқу қабілеттерін білу;  тиімді жоспарлай білу және топта жұмыс істеу тәжірибесінің болуы.