Махатма Гандидің ЮНЕСКО Институтының өкілімен таныстыру семинар

            26-27 маусым аралығында ЮНЕСКО-ның Махатма Ганди Институтымен өзара әрекеттестік шеңберінде «Тұрақты даму мақсатында білім беру» (ТДМББ) тұжырымдамасының қағидаттарына сәйкес келетін оқулықтардың мазмұнын әзірлеу жобасын жүзеге асыру мақсатында Білім беру бағдарламалары орталығының қызметкерлері үшін кіріспе семинар өткізілді. Семинарды ТДМББ енгізу жобасының жетекшісі Шанкар Мусафир өткізді.

Семинарға қатысушылар ТДМББ қағидаттарына сәйкес келетін оқулықтардың жаңа буынын шығаратын авторларға арналған нұсқаулықпен танысып өтті. Бұл нұсқаулық идеялардың қайнар көзі және білім беру мазмұны мен педагогиканың мазмұнын байытатын оқыту техникалары мен әдістерінің жиынтығы болып табылады.