ЭЫДҰ бесйресми жұмыс тобының 7-кездесуіне қатысу

        2018 жылдың 14-16 мамыр айында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ өкілдері ЭЫДҰ-ның Париж қаласындағы штаб-пәтерінде өткен  «Болашақ білім мен дағдылар: Білім беру-2030» жобасының бейресми жұмыс тобының 7-кездесуіне қатысты. Делегация құрамына Басқарма Төрайымының орынбасары Назипа Аюбаева, Білім беру бағдарламалары орталығының директоры Жанар Абдильдина және Талдау және зерттеу бөлімінің аға менеджері Дина Шайхина қатысты.

7-кездесу шеңберінде жаһандық әріптестікті және жобаның негізі құжаттарының халықаралық валидациясын жүзеге асыру мақсатында Тұжырымдамалық бағдар-2030-дың негізгі түсініктері мен теориялық негіздерін талдау жөніндегі жұмыс жалғасын тапты. Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар білім беру бағдармаларында теңдік мәселесін инновациялар арқылы қамтамасыз етудің маңыздылығын, оқушылардың физикалық әл-ауқатын қамтамасыз ету қажеттілігін және куррикулумды жобалау қағидаттарын талқылады. 

Аталған кездесудегі бақылауға алынған топтарда дизайн ойлаудың кезеңдері қолданылған жұмыс ұйымдастырылды. Жасы үлкен қатысушылар куррикулумды жобалау қағидаттарын оқушылардың білім беру бағдарламалары мен оларды нақты тәжірибеде жүзеге асыру туралы пікірлерін негізге ала отырып талқылады. Барлық талқылаулар алты кезеңге созылды: тілектестік, мәселені анықтау, мәселені шешу жолдарын іздестіру, шешімді модельдеу және модельді тестілеу. Бұл әдіс қатысушыларға мәселеге оқушы көзімен қарауға, куррикулумды жобалау үдерісіндегі әрбір аспектінің тиімділігін жақсы түсінуге мүмкіндік берді.