«Физика» пәні бойынша тәжірибелік жұмыстарды өткізу жөніндегі семинар

2016 жылғы 14-19 наурыз аралығында Шымкент қаласының физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Физика» пәні бойынша тәжірибелік жұмыстарды жүргізу жөніндегі 7-12 сыныптарда қазақ және орыс тілдерінде сабақ беретін мұғалімдер үшін семинар өткізілді.

Семинар жұмысына еліміздің Зияткерлік мектептерінің 50 мұғалімі қатысты. Кіріктірілген білім беру бағдарламасын енгізуді қолдау және оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру мақсатында семинарды Кембридж консультанты Майкл Смит, биофизика бойынша PhD, өткізді.

Бірінші күн физикадағы лабораториялық жұмысты өткізу маңыздылығын айқындауға және оқушылардың тәжірибелік дағдыларын дамытуға арналды. Гук заңын зерттеу және математикалық маятник ауытқуының мерзімін белгілеу бойынша лабораториялық жұмыстарды мұғалімдердің дербес өткізуі барысында зерттеудің барлық кезеңдері қарастырылды – жоспарлау, нәтижелерді жазу, графикті құру, нәтижелерді шығару және бағалау. Сонымен бірге оқушылардың әрдайым жасалатын қателері, мысалы, математикалық маятниктің ауытқу мерзіміне массаның әсері, салмақ пен масса ұғымдарының тең мағынасы, сондай-ақ демонстрациялар және лабораториялық жұмыстар арқылы осы қателерді түсіндіру тәсілдері қарастырылды.

Екінші күні мұғалімдер сыни түрғыдан ойлау дағдыларын дамыту мақсатында физиканың орнын, оқушылардың танымдық қызығушылығын белсендіру мақсатында көкейкесті мәселелерді қоюын қарастыруға мүмкіндік алды. Бұдан кейін, семинар қатысушылары негізгі мектеп курсындағы Ом заңын зерттеу және жоғарғы мектеп оқушылары үшін конденсаторды зарядкалау/разрядкалау үдерісін зерттеу бойынша жұмыстарды орындау үшін 2 топқа бөлінді.

Осы күні өткізілген демонстрациялар фен мен теннис шаригін қолдану арқылы Бернулли эффектісін, катушка мен сызықтық магнитпен электромагниттік индукцияны, лазерлік дискке ақпаратты цифрлық жазу қағидатын түсіндірді. Соңғы отырыс күні электрондық таразыда бекітілетін конструкцияның ең жоғарғы көтеру күшін алу және салмағын азайтуға мүмкіндік беретін модельді құрастыруға арналды.

Модельді құрастыру үшін мыналар қолданды – грузиктер орналастырылған пластикалық мензурка, картон, қайшылар, скотч. Бұл отырыс топтар арасында жарыс сияқты өтті, күшті көтерудің ең үлкен мағынасы және салмақтың ең төмен азаюы 67%-ды құрады.

Үшінші күннің бірінші жартысында семинар қатысушылары су ағысынан пайда болған толқынның радиусын айқындау бойынша кеңейтілген зерттеуге қатысты. Зерттеу ағыс биіктігінің, сұйықтық ағуының жылдамдығының, оның бетіндегі тартылуының және жабысуының пайда болған радиусқа әсерін анықтауды қарастырды.

Күннің екінші жартысында мұғалімдер графиктерді құру кезінде тиісті масштабты табуға, графиктер осьтеріне қол қоюға, ʏ осімен қиылысуды графикалық және есептеу арқылы табуға, мәнді сандар көлемін есепке алу және қателіктерді айқындауға байланысты сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік алды.

Семинар қатысушылары семинар басында қойылған мақсаттарға қол жеткізгендерін, және де өзінің мектеп әріптестерімен алынған білімдерді  бөлісетінін атап өтті.