«Химия» пәні бойынша тәжірибелік жұмыстарды өткізу жөніндегі мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсы

2016 жылғы 17-19 наурыз аралығында Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Химия» пәні бойынша тәжірибелік жұмыстарды жүргізу жөніндегі мұғалімдердің біліктіліктілігін арттыру курсы өткізілді. Курсты Кембридж университеті консультанты Алан Джервис өткізді. Үш күн ішінде 7-12-сыныптардың оқу бағдарламаларына сәйкес бірнеше тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшеліктері қарастырылды. Курста орындау үшін қарапайым жұмыстар, сондай-ақ құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуді талап ететін күрделі жұмыстар да қарастырылды.

Жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауға аса мән берілді, қауіптерді талдау ережелері меңгерілді. Мұндай талдау жүргізіліп жатқан тәжірибелік жұмыстың барлық қауіптерін нақтылай бағалауға, қажет болған жағдайда орындау барысына өзгертулерді енгізуге, осы жұмысты кім орындайтынын анықтауға мүмкіндік береді.

Тренер оқушылардың жұмысты орындауы үшін егжей-тегжейлі нұсқаулық қажетттігін  және алдын ала дайындалуын бірнеше рет атап өтті. Тәжірибелік жұмыстарды жүргізу, нәтижелерді талқылау топтарда және жұптарда өткізілді. Мұғалімдер талқылауларға белсене қатысты, өзінің ойларын жеткізді. А.Джервис тәжірибелік жұмыстарды орындау кезінде әрбір топқа назар аударып, жұмыс жасады, экспериментті орындау және түсіндіру кезінде пайда болған қиыншылықтарды түсіндірді.

Маңызды мәселелер қарастырылған мынадай тәжірибелік жұмыстар жүргізілді:

  • 7-сынып, «Күкірт пен темірдің реакциясы» - тәжірибелік жұмысты ұйымдастырудың маңыздылығы және қауіпсіздігі;
  • 8-сынып, «Натрий тиосульфатының тұз қышқылымен әрекеттесуі» - тәжірибелік жұмыстарды оқушылардың дағдыларды иеленуібойынша шаралардың кешені ретінде қарастыру;
  • 10-сынып, «Металменқаптау» - тәжірибелік жұмысты ұйымдастыру қауіпсіздігі, құрал-жабдықтарды қолдану, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту;
  • 10, 12-сыныптар, «Ауыспалы металдардың түсті қосылыстары» - орта және жоғарғы мектептердің оқу бағдарламаларының сабақтастығы, материалдың түрлі тереңдігінде өткізу және нәтижелерді түсіндіру ерекшеліктері;
  • 11-сынып, «Гесс заңы көмегімен жылу эффектісін өлшеу» - энергия өзгеруін өлшеу үшін түрлі калометриялық әдістерді қолдану;
  • 12-сынып, «Қышқылды-негіздік титрлеу» - түрлі датчиктер мен мәліметтер регистраторларын қолдану.

Тәжірибелік жұмыстарды өткізіп, талқылағаннан кейін мұғалімдер тәжірибелік жұмыстардың әрбір тақырыбы бойынша кішігірім кіріспені дайындады, бұдан кейін олар жұппен микрооқыту өткізді. Әрбір жұмысқа кері байланыс берілді, ол өз кезегінде мұғалімдерге өзінің әдісін дұрыстауға, ал әріптестерін бақылау түрлі тәсілдемелерді бағалауға мүмкіндік берді.

Қатысушылар бұл семинардың маңыздылығын атап өтті, себебі химиялық эксперимент сабақтар жүйесінде басқа жұмыстар арасында маңызды рольді атқарады.

Курс жоғары теориялық және тәжірибелік деңгейде өткізілді, тренер барлық материалды егжей-тегжейлі және түсінікті түрде жеткізді, реактивтер мен құрал-жабдықтар мұқият дайындалды.