«Білім берудің қазіргі кездегі жағдайы және көптілділік жағдайындағы парадигмалардың ауысуы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар

2016 жылғы 8-9 ақпанда Білім беру бағдарламалары орталығының қызметкерлері және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің қазақ, орыс, ағылшын тілдері мұғалімдері «Білім берудің қазіргі кездегі жағдайы және көптілділік жағдайындағы парадигмалардың ауысуы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарына қатысты. Семинарды Қазақ гуманитарлық-құқықтық университет, Астана қаласы білім беру бағдарламасы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті өткізді. Семинар жұмысына жоғарғы оқу орындарының өкілдері және жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдері қатысты.

Семинарда көптілділік және Қазақстан Республикасындағы үштілділік саясатының дамуы жөніндегі маңызды мәселелер талқыланды, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің (НЗМ) мұғалімдерімен тәжірибемен алмасу жүзеге асырылды, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту және оны дамытудың болашақ бағыттары саласында ұлттық жетістіктердің қазіргі заманғы жағдайына талдау жүргізілді.

Пленарлық отырыста Орталықтың директор орынбасары, педагогика ғылымдарының докторы М.Ж.Джадрина қазіргі мектептегі білім берудегі болып жатқан инновациялық үдерістер туралы баяндама жасады.

Семинар барысында бұдан басқа «Сапалы білім берудің стратегиясы: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ тәжірибесі», «Қазақстандағы үш тілде білім беру: ізденіс және шешімдер қабылдау», «Мектеп мұғалімдерінің және жоғарғы оқу орындары қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігі мен квалификациясын арттыру» тақырыптарында секциялар өткізілді, онда Орталықтың қызметкерлері Ж.С.Абуов, Г.Е.Кожамкулова, А.Д.Айтбаева лингвистикалық бағыттағы пәндер мазмұны және оларды оқытудағы жаңа ұстанымдар туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, Орталықтың аға менеджері З.К.Шегенова Зияткерлік мектептердегі «Қазақстан тарихы» пәнін қазақ тілінде оқыту тәжірибесі туралы баяндады.

«Қазақ тілі және әдебиет»; «Орыс тілі және әдебиет»; «Ағылшын тілі және әдебиет» секциялар жұмысына 19 мұғалім қатысты. Орыс тілі мұғалімдері А.Ю. Бармина (Қостанай қ. ФМБ НЗМ), Е.В.Клокова, Г.Ф.Ким (Талдықорған қ. ФМБ НЗМ), А.К.Маканова (Павлодар қ. ХББ НЗМ), Ж.Б.Омарова (Қызылорда қ. ФМБ НЗМ), Н.Ю.Кривошеева (Алматы қ. ХББ НЗМ) семинар материалдары жинағында өз мақалаларын жариялады. Баяндама жасағандар:

 

  1. Жақыпжанова Әсел «Оқылым дағдысын қалыптастыру және дамыту тәсілдері». (Орал қ. ФМБ НЗМ).
  2. М.С. Танжарикова. «Заманауи білім беру мақсаттарына сай оқыту».
    (Ақтөбе қ. ФМБ НЗМ).
  3. М.Т. Козганбаева. «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің қазақ тілін оқыту тәжірибесінен: айтылым, тыңдалым, оқылым және жазылым коммуникативтік дағдыларын дамыту жолдары» (Қостанай қ. ФМБ НЗМ).
  4. Г.К. Мукатаева. «Көркем шығарманы талдау ерекшелігі». (Өскемен қ. ХББ НЗМ).
  5. У.И. Суханинская. «Использование инструментов коучинга на уроках русского языка». (Павлодар қ. ХББ НЗМ).
  6. И.В. Лих. «Чтение: секреты работы с текстом». (Талдықорған қ. ФМБ НЗМ).
  7. А.К. Мухангалиева, Ш.К. Алтайбаева. «Introducing Receptive skills: Listening and Reading» (Астана қ. ФМБ НЗМ).
  8. Papazoglou Beatrice, Д.Б. Аубакирова, «Introducing Productive Skills: Writing and Speaking», ағылшын тілі мұғалімі. (Астана қ. ФМБ НЗМ).
  9. Б.К. Абдрахманова. «The efficacy of subject integration within English language classes», ағылшын тілі мұғалімі. (Көкшетау қ. ФМБ НЗМ).
  10. И.Г. Нургалиева, «Effective Practices for Developing Reading Comprehension», ағылшын тілі мұғалімі (Көкшетау қ. ФМБ НЗМ).
  11. Л.И. Белявская, «Казахстанский компонент в Интегрированной образовательной программе по английскому языку (основная школа)», ағылшын тілі мұғалімі (Көкшетау қ. ФМБ НЗМ)

 

Баяндамалар семинар қатысушыларының улкен қызығушылығына бөленді. Орын алған талқылауларда қатысушылар сұрақтар қойды, үштілділік мәселелері, және де НЗМ-дағы тіл пәндерін оқытуда қолданылатын ұстанымдар бойынша өз көзқарастарын айтты. Зияткерлік мектептерінің мұғалімдері мастер-класстар көрсетті, НЗМ-дағы оқыту тәжірибесі туралы баяндады, әдістемелік материалдарымен бөлісті.

Іс-шараға қатысушылар өткізілген семинардың деңгейін жоғары бағалап, талқыланған мәселелердің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ Зияткерлік мектептердің үштілділік білім беруді енгізу бойынша тәжірибесін көпшілікке мәлім ету туралы көзқарастарын айтты.

Сонымен бірге, семинар нәтижесі бойынша пікірлер ретінде педагогикалық шеберлілікті тарату бойынша мастер-класстарды, және де білім беру мазмұнын жаңарту аясында Қазақстан жалпы білім беру мектептері үшін оқулықтар авторлары қатысуымен семинарлар мен конференциялар өткізуді жалғастыру, сонымен қоса, қазақ тілі және әдебиет, орыс тілі және әдебиет, ағылшын тілі бойынша мамандарды дайындауды жүзеге асыратын жоғарғы оқу орындары модульдік білім беру бағдарламаларына «Функционалдық сауаттылық» пәнін енгізу туралы ұсынылды.