Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Білім беру: зерттеулер және тұрақты даму»

2015 жылғы 22-23 қазан аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру: зерттеулер және тұрақты даму» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.

Аталған іс-шараға 500-ге жуық қатысушы, оның ішінде ҚР БҒМ, қазақстандық жоғарғы оқу орындары, Ұлттық тестілеу орталығы, еліміздің Зияткерлік және жалпыға білім беру мектептерінің өкілдері, сондай-ақ Аустарлия, АҚШ, Жапония, Испания, Канада, Норвегия, Нидерланды, Оңтүстік Корея, Ресей, Ұлыбритания елдерінен 37 халықаралық спикерлер мен сарапшылар қатысты.

Екі күн мерзімінде 4 пленарлық отырыс, және де мына бағыттардағы 28 секция және панельдік пікір бөлісу болып өтті: «Куррикулумдағы инновация», «Үштілділік білім беру», «Балаларды тәрбиелеу және олардың дамуы», «Бағалау», «Білім беру саласындағы мониторинг, бағалау және зерттеу», «Педагогтардың әрдайым кәсіби дамуы, кәсіби бірлестіктер, мұғалімдердің бірлескен зерттеулері», «Білім беру ресурстары».

Білім беру бағдарламалары орталығының төрағалығымен куррикулумды әзірлеу және ондағы инновация, үштілділік білім беру, тілдік ортаға ену мәселелері бойынша секциялар өткізілді. Бұдан басқа, Орталықтың қызметкерлері ҚР Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын апробациялау кезінде әдістемелік қолдау көрсету және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдері мен 30 пилоттық мектептің педагогтары арасындағы ынтымақтастықты орнату және тәжірибе алмасу үшін жағдайларды жасау мақсатында жүйелі-әдістемелік кешеннің презентациясын өткізді. Сонымен қатар, бастауыш мектептің пәндері бойынша (тілдік пәндер, математика, жаратылыстану, дүниетану, бейнелеу өнері, музыка) оқу ресурстарының көмегімен мастер-класстар көрсетумен интерактивті тәртіпте акция ұйымдастырылды.