2015 жылғы 20-29 тамыз

2015 жылғы 20-29 тамыз аралығында Алматы, Петропавл және Ақтау қалаларында жаңадан ашылған Назарбаев Зияткерлік мектептері үшін «Физика» пәні бойынша Кіріктірілген білім беру бағдарламасын түсіндіру бойынша оқыту семинарлары өткізілді.

Мұғалімдерді Зияткерлік мектептерде физика сабағын оқыту ерекшеліктерімен таныстыру, сонымен қатар қысқа мерзімді жоспардың жаңартылған шаблонына сәйкес сабақты жоспарлау үдерісін кезең-кезеңмен талдау семинарлардың мақсатына айналды.

Семинарлар барысында қатысушылар оқыту үдерісінде басшылыққа алынуы тиіс құжаттармен танысты, бағдарламалар мен жоспарлардың ерекшеліктерін білді.

Қатысушылар оқу мақсаттары мен тіл мақсаттары негізінде сабақтың мақсаттарын қалыптастыруда, диалог пен жазуға арналған ұтымды  сөз тіркестерін құрастыруда, оқушыларды оқыту үдерісіне белсенді түрде тартуға бағытталған техника мен сыныпта дифференциацияны жүзеге асыру тәсілдерін қолдануда тәжірибелермен алмасты, тіл дағдыларын дамыту тәсілдерін талқылады.

Қорытынды күні мұғалімдер тренингте қарастырылған әдіс пен тәсілдемелерді қолдана отырып, 1-тоқсанның сабақтарын жоспарлауды орындады. Сонымен қатар шағын сабақтарды өткізу мен кері байланысты алу көмегімен идеялармен бөлісті.

Мұғалімдер пайдалы ресурстар мен материалдарға қол жеткізуге және басқа мектептердегі әріптестермен өзара байланыс орнатуға мүмкіндік беретін онлайн-форум мен жүйелі-әдістемелік кешеннің барының маңыздылығын атап өтті.