2015 жылғы шілде

Біліктілікті арттыру аясында Білім беру бағдарламалары орталығында 2015 жылғы шілде айында «Математика» пәні бойынша 10-сыныптың мұғалімдеріне арналған тренинг өтті.

Тренингті Кембридж университетінің Халықаралық емтихан кеңесінің кеңесшісі Никола Кларк жүргізген. 

Тренинг жұмысына 17 Зияткерлік мектептің 49 мұғалімі қатысты.

Тренингтің негізгі мақсаты:

  • 2015 – 2016 оқу жылында енгізілген 10-сыныптың «Математика» пәні бойынша Кіріктірілген білім беру бағдарламасы түсінігін бекіту;
  • 2015 – 2016 оқу жылында енгізілген «Математика» пәні бойынша 10-сыныптың оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнымен мұғалімдерді таныстыру;
  • «Математика» пәні бойынша 10-сыныпта оқыту үдерісінде қолданылатын белсенді оқыту мен бағалаудың қағидаттарымен және стратегияларымен, сондай-ақ сабақтарда формативті бағалау негізінің қағидаттарымен таныстыру;
  • «Математика» пәнін оқытуда түрлі педагогикалық тәсілдемелерді тиімді қолдану бойынша ресурстармен және жаңа идеялармен алмасу үшін мұғалімдердің ұжымдық жұмысын ұйымдастыру.

2014 – 2015 оқу жылында жүргізілген Кіріктірілген білім беру бағдарламасын енгізу мониторингінің нәтижелері қарастырылып, сонымен қатар  өткен жылдарда жүргізілген тренингтердің қорытындылары бойынша НЗМ мұғалімдерінің ұсыныс пен кеңестері есепке алынып, тренингтердің материалдары әзірленді.

Тренингтерде мұғалімдер Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша 9-сыныпта пәнді оқытудың тәжірибелерімен алмасты, 9-10 сыныптар арасындағы оқу мақсаттарының прогресін қарастырды, оқу жоспарында ұсынылған қызмет түрлері арқылы пәндік-мамандандырылған дағдыларды және жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын дамыту тәсілдері мен дифференцициялық оқыту әдістемесімен танысты. Тренингтер микрооқыту бойынша сессялармен аяқталды.

Педагогикалық өлшемдер орталығының қызметкерлері тарапынан сыни бағалаудың кіріктірілген бағдарламасы бойынша сессиялар жүргізілді. Мұнда табыс өлшемдері мен 10 сынып оқушыларын бағалау кезінде оларды қолдану қарастырылды.

Мұғалімдердің  пікірлері бойынша, тренинг өте мазмұнды және қызықты өтті. Тренинг материалдарын форумнан таба аласыздар (http://cep-forum.nis.edu.kz сілтемесі).