2015 жылғы 28-31 шілде

2015 жылғы 28-31 шілде аралығында «Информатика» пәнінен 10-сынып мұғалімдеріне арналған тренинг өтті. Тренингке 25 мұғалім қатысты.

Тренинг барысында модельдеу, программалау және программалау теориясы бойынша өзекті тақырыптар қарастырылып, талқыланды. Кембриджден келген тренер Сара Лори «Little Man» программалық қамтамасыз ету арқылы  Ассемблер тілінде программалау және кішігірімжобаларды жасау тәсілдері бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Табыс критерийлері мен оқыту мақсаттарының байланысы талқыланды. Сонымен қоса Сара Лори негізгі мектепті аяқтау курсы бойынша жазылатын курстық жұмысқа ұсыныстар мен кеңес берді.

Тренингтің соңғы күнінде микрооқыту өткізілді, онда бірнеше сабақ ұсынылды, әр сабақ өзінің әдісімен ерекшеленді.

Тренинг барлық қатысушылар үшін өте қызықты және пайдалы болды, әсіресе тренингтегі барлық таратпа материалдар, ақпараттар, ұсыныстар “ICT NIS Kazakhstan” қауымдастығы ұйымдастырған online режимде  талқыланып, пікір алмасу, тәжірибе бөлісу сәттері әсерлі және ұтымды болды.