2015 жылғы 11-14 тамыз

2015 жылғы 11-14 тамыз аралығында «АКТ» пәнінен 3-сынып мұғалімдеріне арналған тренинг өтті. Кембриджден келген тренер Нил Рикус оқу бағдарламасының әр бөліміне жеке тоқталды. Пән бойынша 2-сыныппен 3-сыныптың арасындағы оқыту мақсаттарының байланысы мен бірізділігін түсіндіре отырып, өз тәжірибесінен мысалдар келтіру арқылы тренинг сессияларын нәтижелі өткізді.

Атап өтсек, ScetchUp Make бағдарламасы арқылы модельдер құру, Audacity бағдарламасы арқылы әуенді жазу,  іс жүзінде музыка әуенін құрастыру үшін тегін құрал LMMS пайдалану, ойын ортасында программалау, Scratch, Kodu программаларымен жұмыс істеу шеберлігін көрсетті.

Тренингттің ең жақсы жақтарының бірі теориялық аспектілердің практикалық тапсырмалармен бекітіліп отырғаны өте ұтымды болды. Сонымен қатар мұғалімдер назарына «Raspberry Pi» кішігірім компьютерге шолу жасалынды.

Тренингтегі таратпа материалдар, тәжірибе алмасу мақсатында ұсынылған программалық қосымшалар бірден информатика мұғалімдерінің “ICT NIS Kazakhstan” қауымдастығы ұйымдастырған онлайн режимде жарияланып отырды.